» » «AMANAT»: Аманжол Оңғарбаев фракция жетекшісі болып сайланды

«AMANAT»: Аманжол Оңғарбаев фракция жетекшісі болып сайланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті.
Жиынды партияның облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Байқадамов ашып, фракция мүшелерін мандаттарымен құттықтап, алдағы ел аманатын атқару жолындағы жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар партия алдында тұрған ортақ мақсаттар мен нәтижелерге жету үшін бірігіп, жұмысты жоғары деңгейде жүргізуге шақырды.
Жиынның күн тәртібінде депутаттық фракция жетекшісі мен орынбасарын сайлау туралы, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы лауазымына және Қызылорда облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссия төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну туралы мәселелер қаралып, фракцияның алдындағы міндеттері пысықталды.
Атап өтейік алқалы жиында фракция мүшелері Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісіне бірауыздан Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлын және фракция жетекшісінің орынбасарлығына Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлын сайлады.
Жалпы өткен сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы облыста жақсы нәтижеге қол жеткізіп, мәслихаттардағы басым орындарды иеленіп отыр. Мәселен, облыс бойынша 152 мандат болса, соның 124 - «AMANAT» партиясы, 81% құрайды. «AMANAT» партиясынан 124 мандаттың 25-і облыстық мәслихат, 99 – ы қалалық және аудандық мәслихат мандаттарының бөлінісінде.
30 наурыз 2023 ж. 6 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930