» » Ұлттық жоспар – 2025: Тұрақты дамудың айқын көрсеткіші

Ұлттық жоспар – 2025: Тұрақты дамудың айқын көрсеткіші

Жуырда 2025 жылға дейінгі ел дамуының ұлттық жос­пары бекітілді. Президенттің жарлығы бойынша қабылданған стратегиялық құжатта 10 негізгі бағыт айқындалған. Бұл елімізде осыған дейін қабылданған «Қазақстан-2050» стратегия­сын, «100 нақты қадамды» басшылыққа алады.
Ұлттық жоспар негізінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтып, халықтың өмір сүру сапасы мен табысын арттырып, коронадағдарысты еңсеруге септігін тигізуі тиіс. Онда әртараптандыру, инвестиция тартып, экспортты арттыру және жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қатысты шаралар қамтылған. Жауапты министрлік пен әкімдіктер маңызды реформаларды жақын болашақта іске асыруға бағытталады.
Құжатта маңызды салаларды дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарлар, бүкіләлемдік дағдарыс салдарын жұмсартуға және жаңа экономикалық нақтылық пен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканың орнықты, инклюзивті және сапалы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлар көрсетілген. Аталған құжат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігімен бірлесіп әзірленді.
Елімізде Ұлттық даму жоспарын да­йындайтын орган – былтыр құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттік. Оның Төрағасы Қ.Келімбетовтің пікірінше, ҚР мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесінің негізі Тұңғыш Президент – Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген. 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және ауқымды стратегияны іске асыру үшін аралық, орта мерзімге арналған жоспарлар қабылданатыны белгілі. Соның бірі – ел Президенті Қ.Тоқаев қабылдаған «2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары». Бұл жоспардың басымдықтары айқын және нақты болуы үшін Президенттің арнайы жарлығы қабылданып, дәл осы құжатта бес жылда Үкімет пен халық күш салатын жалпыұлттық басымдықтар белгілен-ді. Осы ұлттық даму жоспары мен оның басымдықтары ұлттық жобалар аясында орындалады.
Strategy2050.kz сайтының мәліметінше, ұлттық жоспарда жаһандық үрдістерді талдау нәтижесінде ішкі және сыртқы ортаға ықпал ететін сауда-экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және саяси трендтердің бар екені анықталған. Еліміз дамудың жаңа жағдайға ыңғайластырылған тың даму моделін орнату үшін 7 қағидат пен 10 жалпыұлттық басымдықты нақты бекітті. Оның негізінде әзірленетін бірінші деңгейдегі құжаттар: стратегиялық даму жоспарынан түрлендірілген 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, аумақтарды дамытудың болжамды схемасынан түрлендірілген Аумақтарды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары, ұлттық қауіпсіздік стратегиясы болмақ. Яғни осы жоспардың өзі тағы бірнеше салалық маңызды құжаттың дайындалуына түрткі болады. Аталған жалпыұлттық басымдықтар үш бағытқа бөлінген: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы, қуатты экономика. «Азаматтардың әл-ауқаты» бағытының өзі үш басымдықты қамтиды: әділетті әлеуметтік саясат, қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі және сапалы білім. Мұнан байқайтынымыз алдағы бесжылдықта макроэкономикалық көрсеткіш пен еліміздің халықаралық беделіне қарағанда ең әуелі азаматтардың әл-ауқатына, әлеуметтік саясатқа көңіл бөлінеді.
«Сапалы білім» жалпыұлттық басымдығы жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруды меңзейді. Білім беру жүйесінің модернизациясы оның сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталады. Жоспар бойынша 2023 жылға қарай еліміздегі педагогтардың жалақысы 2 есе өседі. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелер балаларға 100 процент қолжетімді болады. 2025 жылға дейін оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін 800 жаңа мектеп салынады деп жоспарлануда. Осы бесжылдықта үш ауысымдағы мектептердің мәселесін түбегейлі шешу қолға алынады. Сонымен бірге барлық елді мекендер жылдам және сапалы интернет желісіне қосылады.
Ал «қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» халық денсаулығын жақсартуға, қолдауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына ықпал ететін денсаулық сақтау жүйесінің концепциясын дамытады. Жоспарға сәйкес, дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. Мұнан өзге 2025 жылға қарай азаматтардың денсаулық көрсеткішін жақсарту мақсатында пациентті басты құндылық санайтын медицинаға көшу, ауыл мен қалада кепілді сапалы медициналық қызмет көрсету жүзеге асады. Үшіншіден, Президенттің тапсырмасы бойынша Әлеуметтік кодекс дайындалады. ҚР ҰЭМ Ә.Ерғалиев мәлімдегендей: «Әділ әлеуметтік саясат» жалпыұлттық басымдығы нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі іс-шараларды іске асыруды көздейді. Еңбек нарығын қалпына келтіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Еңбек қатынастарының жаңа прогрессивтік нысандарын енгізу жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуды қамтамасыз етеді».
Ұлттық даму жоспарын зерделеу арқылы оның басты құндылығы адами капитал екенін түсінуге болады. Бұл дегеніміз – барлық құжаттың, оның ішінде ұлттық жобаның азаматтардың қажеттілігі мен сұраныстарының төңірегінде құрылуын білдіреді. Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттік бұл жоспарды дайындағанда Үкімет және сарапшылармен ақылдасқанын, әлемдік тәжірибенің озық үлгілерін де ескергенін айтқан еді. Бұл жос­парда ең алдымен әлеуметтік мәселе, медицина, білім мен денсаулық, адам құқығы мен бостандығы, еңбек қауіпсіздігі мен лайықты зейнетақы, әділетті сот жүйесі, тең мүмкіндіктер құндылығы өзекті болып келеді. Демек ұзақ және орта мерзімде де адами капитал мен әлеуметтік сұрақтарға ерекше назар аударылған.

Дайындаған Ақнұр САҒЫНТАЙ
03 сәуір 2021 ж. 10 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031