» » Мәжіліске өткен үш партия қанша мандат алғаны белгілі болды

Мәжіліске өткен үш партия қанша мандат алғаны белгілі болды


Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске өткен Nur Otan, Ақ жол және Қазақстан халық партиясының қанша мандат алғанын жариялады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Комиссия төрағасының орынбасары Констатин Петровтың айтуынша, мандаттарды тарату шаралары «Сайлау туралы» конституциялық заңның аясында атқарылады.
«Оған сәйкес, «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алады», – деді Петров. «Демек, бүгіннен бастап партиялар мандаттарды тарату кезегін анықтауы тиіс. Егер белгіленген уақыттың ішінде мандаттарды тарату кезегі анықталмаса, Орталық сайлау комиссиясы тіркелген партиялық тізімдер бойынша мемлекеттік тілдегі алфавит тәртібімен мандаттарды таратады. Осыған орай, арнайы қаулы да қабылданады», – деп атап көрсетті Петров.
Заң бойынша мандаттардың тарату кезегін партияның басқарушы органы сайлауға ұсынған партиялық тізім бойынша анықтайды. Оған 10 күн беріледі.
Бүгін комиссия мүшелері мәжіліс сайлауының соңғы нәтижесін жариялады:
  • Nur Otan – 71,09%;
  • Ақ жол –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • Ауыл–5,29%;
  • Адал –3,57%.
Сонымен, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтіп отыр. Қалған екеуі жеті проценттік шекті бағындыра алмады.
12 қаңтар 2021 ж. 1 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 539

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930