» » Сенат Салық кодексіне түзетулер енгізді

Сенат Салық кодексіне түзетулер енгізді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz


Онда сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Заң салық саясатын жетілдіру, бизнес жүргізу тәртібін жеңілдету және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелерін қарастырады. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар құжатты Мәжіліске кері қайтарды.
«Жеке азаматтардың салықтарын жеңілдету, шағын және орта бизнес пен инвесторларға қолдау көрсету жақтарына ерекше көңіл бөлінді. Сол себепті, сенаторлар Салық Кодексіне енгізу үшін бірқатар маңызды түзетулер ұсынып отыр. Бұл түзетулер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға арналған», – деді Мәулен Әшімбаев.
Бірінші кезекте түзетулер шағын және орта бизнесті қолдауға арналып отыр. Сенаторлардың мәліметі бойынша, пандемия салдарынан осы саладағы кәсіпорындардың 30 пайызы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.
«Пандемиядан айтарлықтай зардап шеккен секторға қолдау көрсету үшін шағын және орта бизнесті 2 жылға қосылған құн салығынан және әлеуметтік салықтан босату ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен табыстың 3 пайызы көлемінде бөлшек салық енгізіледі», – Сенат Төрағасы.
Тағы бір маңызды түзету зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде төленетін салықты кейінге шегеруді қарастырады.
«Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керектігі белгілі. Оны қазіргідей кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Одан бөлек, заң жобасына Мемлекет басшысының инвесторларға қолдау көрсетуге арналған бастамаларын іске асыру үшін тиісті нормалар енгізілді.
«Инвестицияның көлеміне, мерзіміне және жұмыс істейтін орынға байланысты инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, қосылған құн салығынан және мүлік салығынан босатылады. Бұл қадам қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасына инвесторлар тартып, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажет. Бұл түзетулерді сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұсынып отыр», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Сенат депутаттары ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесін де назардан тыс қалдырмады.
«Сенаторлар байланыс операторлары радиожелілерді қолданғаны үшін төлейтін төлемнің жылдық мөлшерлемесін 90 пайызға төмендетуді ұсынуда. Мұндай жеңілдікті алу үшін байланыс операторлары осыдан үнемделген қаражатты бірінші кезекте ауылдарды сапалы, кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге жұмсау керек. Бұл – Мемлекет басшысының аумақтарды теңгерімді дамыту тапсырмасымен байланысты міндет», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, сенаторлар Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қарау кезінде пандемия кезінде табысынан айырылған, салық бойынша қарызы бар азаматтар туралы мәліметтерді жариялау нормасын алып тастауды ұсынды.
Отырыс барысында Сенат депутаттары «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды да қабылдады. Бұл құжат өнеркәсіптік меншіктегі нысандарды қорғаудың еуразиялық тетігін нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сенаторлар жалпы отырыста үш депутаттық сауал жолдады. Мұрат Бақтиярұлы Байқоңыр қаласында қазақтілді мектептер мен балабақшаның тапшылығы туралы мәселені қозғаса, Ләззат Рысбекова Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға назар аударды. Ал депутат Әли Бектаев әлеуметтік төлемдердің жай-күйіне тоқталды.
12 қараша 2020 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031