» » Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Ардагерлер туралы
Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдас­т­ы­рушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына негіз­деледі және осы Заң мен Қазақстан Респуб­ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші ардагерлер деп танылған немесе осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға жататын Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел­діктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3-бап. Ардагерлер және осы Заңның кү­ші қолданылатын басқа да адамдар
Осы Заңға сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сының ардагерлеріне теңестірілген арда­герлер;
4) еңбек ардагерлері.
Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар осы Заңның 8-бабында айқындалған.
4-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлері
Мыналар Ұлы Отан соғысының арда­гер­леріне жатады:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiм­дерде, штабтар мен мекемелерде қыз­мет өт­керген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғы­сының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер.
5-бап. Басқа мемлекеттердiң аума­ғын­дағы ұрыс қимылдарының ардагер­лері
Мыналар басқа мемлекеттердiң аума­ғындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады:
1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес бас­қа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қи­мыл­дарына қатысқан Кеңес Армия­сының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемле­кеттiк қа­уiпсiздiк комитетiнiң әскери қызмет­шiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер минис­трлiгiнiң басшы және қатардағы құра­мы­ның адамдары (әскери мамандар мен кеңес­шiлердi қоса алғанда);
2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контин­гентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медаль­дарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тә­уелсіз Мемлекеттер Достастығының ше­кара­сын қорғауды күшейту жөніндегі мем­лекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Респуб­ликасының әскери қызметшілері;
7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызмет­шілері;
8) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақ­тығысты реттеуге қатысқан әскери қызмет­шілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы іш­кі іс­тер және мемлекеттік қауіпсіздік орган­дары­ның басшы және қатардағы құрамының адамдары.
6-бап. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
Мыналар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады:
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сына қатысушыларға теңестірілген адам­дар, атап айтқанда:
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қа­лаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қыз­мет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мем­лекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауа­зым­дар атқарған не сол кезеңдерде май­дан­дағы армия бөлiмдерiнің әскери қыз­мет­шіле­ріне қалалардың қорғанысына қатыс­қаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарт­тармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жыл­дарына есептеліп жазылған, сол қала­ларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құра­мының адамдары;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiм­дердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комис­сариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кеме­лерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас бас­қар­масының ұшу-көтерілу құрамының ар­наулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тыл­дағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы­ның бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порт­та­рында еріксіз ұсталған көлiк флоты кеме­лерi экипаждарының мүшелерi;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ле­нинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәме­летке толмаған тұтқындар;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авария­лардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қа­тыс­қан адамдар;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғы­сының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қыз­меттiң өзге де мiндеттерiн басқа кезең­дерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүге­дек болған әскери қызметшiлер;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салда­рынан не майданда болуына немесе ұрыс қимыл­дары жүргiзiлген мемлекеттерде қыз­­меттік мiндеттерiн орындауына байла­нысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
басқа елдердегі майдандағы әскери кон­­­тингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қи­мылдарын жүргiзу кезеңiнде жа­ра­­лануы, контузия алуы, мертігуі не ауру­ға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi са­наттардағы жұмысшылар мен қыз­метшiлер;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халық­ты қорғаушы жойғыш батальондардың, взвод­тар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиа­циялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генети­калық байланысты олардың балалары.
7-бап. Еңбек ардагерлері
Еңбек ардагерлеріне мыналар жатады:
1) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;
2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы ең­бегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұ­рын­­ғы КСР Одағының ордендерiмен және медаль­дарымен наградталмаған адамдар.
8-бап. Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар
Осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға мыналар жатады:
1) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қыз­меттiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiн­­дет­терді) атқару кезiнде жаралануы, кон­тузия алуы немесе мертігуі салдарынан неме­се майданда болуына байланысты ауруға шал­дығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әске­ри қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жер­гiлiктi әуе шабуылына қарсы қорға­ныстың объектiлiк және авариялық коман­даларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ле­нинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыс­кер­лерінiң отбасылары;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс минис­трлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiп­сiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қай­тыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақ­саттағы объектiлердегi басқа да радиа­ция­лық апаттар мен авариялардың салдар­ларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиация­лық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солар­дың әсеріне байланысты болған азамат­тардың отбасылары;
2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
3) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақта­рынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
4) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жыл­ғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауған­станға және ұрыс қимылдары жүр­гізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiл­ген жұ­мысшылар мен қызметшiлер;
5) бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
Ескертпе. Осы баптың 1) тармақшасының мақ­сатында әлеуметтік қолдауға құқық берi­летiн отбасы мүшелерi мыналар болып табылады:
қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен басқа да асырауындағылары;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгер­лердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрма­ған зайыбы (жұбайы).
9-бап. Ардагерлердің мәртебесiн белгілеу
Ардагерлердің мәртебесi осы Заңға сәйкес айқындалады және Ұлы Отан соғысы жыл­дарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бо­йынша ұрыс операциялары кезiнде, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимыл­дары кезінде майдандағы армияға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объек­тiлердегi басқа да радиациялық апат­тар мен авариялардың салдарларын жоюға қа­тысуды, сондай-ақ ядролық сынақ­тарға тiке­­лей қатысуды растайтын анық­тама­лардың, әскери билеттердiң және өзге де құ­жат­­тардың, жаралану, мүгедектiк тура­лы анықтамалардың, сот-медициналық қоры­тындылардың негiзiнде белгіленеді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне осы құжаттардың негiзiнде Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлiгiн бередi. Қалған ардагерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақылар) алу­шы куәлігіне белгi қойылады.
10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагер­лерін әлеуметтік қолдау шаралары
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мы­надай әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:
1) Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәр­демақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғын­жайды бiрiншi кезекте алу құқығын пайда­ланбаған болса, жергiлiктi атқарушы орган­дар­дың, ұйымдардың біржолғы бiрiншi кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуi;
4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаске­лерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;
5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйле­рiндегi өздерi тұратын тұрғынжайларды Қа­зақстан Республикасының тұрғын үй заңна­масында белгiленген тәртiппен мен­шiк­ке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғын­жай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүше­леріне өтеді);
6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;
7) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;
8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұ­мыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген ем­хана­­ларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­меттердің кепілдік берілген көлемін бірін­ші кезекте алу;
11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғы­сының қайтыс болған ардагерін жер­леуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Респуб­ликасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаhарманы», Социалистiк Еңбек Ерi атақта­рына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен, «Отан» орденiмен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көр­сетіле отырып, тегiн жерлеу және қабiр­лерi­нiң басына құлпытас орнату құқығы беріледі.
11-бап. Басқа мемлекеттердiң аума­ғындағы ұрыс қимылдарының ардагер­лерін, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне те­ңес­тiрiлген ардагерлерді әлеуметтік қол­дау шаралары
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге мы­надай әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы ор­гандардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі;
4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учас­келерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;
5) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көр­сету және ауруханаға кезектен тыс жат­қызу;
6) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;
7) ардагерлер жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­мет­тердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;
9) білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемле­кеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде балдары тең болған жағдайда артықшылықты құқық;
10) техникалық және кәсіптік, орта білім­нен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді;
11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
Отбасы мүшелеріне не басқа мемлекет­тердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерді жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржол­ғы төлем төленеді.
Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
12-бап. Еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары
Еңбек ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
4) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
Отбасы мүшелеріне не қайтыс болған еңбек ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңда­рына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
13-бап. Осы Заңның күшi қолданылатын басқа да адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары
Осы Заңның күшi қолданылатын басқа да адамдарға мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) жұмыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы.
14-бап. Қаза тапқан әскери қызмет­ші­лердің отбасылары үшін қосымша әлеу­меттік қолдау шаралары
Осы Заңның 8-бабының 1) тармақ­шасында санамаланған қаза тапқан әскери қыз­метшілердің отбасыларына мынадай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылады:
1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғынжаймен қам­тамасыз етуi;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көр­сететін ұйымдарда артықшылықпен қыз­мет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;
3) Қазақстан Республикасының заңнама­сында айқындалатын тәртiппен бiлiктi м­еди­циналық көмек алу;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қыз­мет­тердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;
5) жерленген жерге тегiн баруға және кері қайтуға (бiрақ үш адамнан аспайды), сондай-ақ әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде отбасы таңдаған тұрғылықты жерiне тегін жол жүруге құқық;
6) қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшiні тегін жерлеу өзiнiң соңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асыры­лады (бейбiт уақытта әскери (азаматтық) бо­рышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы аурудан қайтыс болған әскери қыз­­метшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу (қайта жерлеу) орын­дарына тасымалдау Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк коми­тетiнiң және Мемлекеттік күзет қызме­тінің шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкін).
Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде, сондай-ақ әскери мiндеттiлер жиындарына шақырылған қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызмет­шiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан не сол кезеңде жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң жұбайларына не асырауында аталған әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдарға жұмыс ор­ны­нан балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға жол­дамалармен, сондай-ақ аталған әскери қыз­метшiлердiң балалары үшiн балаларды сауықтыру мекемелерiне жолдамалармен артықшылықты қамтамасыз ету ұсынылады.
Отбасылары осы Заң бойынша әлеумет­тік қолдау шараларына құқығы бар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын генералдардың, адмиралдардың және әскери қызметшiлер қатарындағы зейнет­керлердiң жұбайларына «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады.
15-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру
Осы Заңда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
16-бап. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату
Осы Заңда көзделген әлеуметтік қол­дау шараларын ұсыну осы Заңның күші қолданылатын адам сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түрiндегі қылмыстық жазасын өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Осы Заңда көзделген әлеуметтік қолдау ша­раларын ұсыну осы Заңның күші қолда­нылатын адамдар қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.
17-бап. Жергілікті өкілді органдар мен ұйымдардың құқықтары
Жергілікті өкілді органдар, ұйымдардың басшылары өз құзыреттері шегінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын және емделуге жол жүру (екі жаққа), сондай-ақ ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету бойынша жеңілдіктерді белгілей алады.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №6, 45-құжат; №14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №23, 925-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат; 2018 ж., №14, 42-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 6 мамыр
№ 322-VI ҚРЗ
07 мамыр 2020 ж. 1 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031