Тойында ішіп алған келін сәлем сала алмай масқара болды (фото)
Ақтөбелік танымал той ұйымдастырушысы өздері ұйымдастырған тойда болған жаға ұстатарлық жағдайды баяндап берді. Ол ақсүйек отбасыға келін болып түскен арудың ішімдікке сылқия тойып алып, сәлем салғанын еске алған.
"Бір үлкен беделді адам баласының үйлену тойын ұйымдастыруды бізге табыстады. Жас жұбайлар лимузинмен келіп тоқтағаннан кейін қонақтарды үстелге отырғыздық. Келіншекті шығару үшін есікті ашқанымызда "Тұра тұрыңыз, темекі тартып алайын. Бұйрық берме, есікті жап" деп келіншек дүңк еткенде жағамызды ұстадық.
Сол кезде той иелерін аяп кеттім. Ол кісілер сондай беделді адамдар еді. Өте мәдениетті ақсүйек кісілер. Үйленіп жатқан жалғыз ұлдары екен. Сол кезде ұлдары машинадағы жұбайының қылығына үндемей отырды. Келіншекті көндіріп, әрең дегенде шығардық. Сценарий бойынша келіншекті алты қыз үлкен орамалмен ортаға алып шығу керек болатын. Келіншегіміз сол жерде тағы айқай шығарды. "Шашымды бүлдіресіңдер" деп орамалымызды лақтырып қасына жолатпады. Бізге көнбей балағаттап тұрған келініміз енесі келгенде өзгеріп қоя берді. "Әрине, мама" деп біздің айтқанымызға көніп, орамалға кіріп тұра қалды. Ортаға шығарып, беташар болып жатыр.
Сол кезде қатты ұялдым. Ішімдікке тойып алған келіншегіміз сәлем ету кезінде дұрыс тұра алмай теңселіп тұр. Біз осындай оқиғаларды кезінде адамдардың көңілін басқаға аударып, тойдың олқылықтарын жабуға тырысамыз" , - дейді Гүлнәр Жұмағалиева.
Тойдың жақсы өтуіне ұйымдастырушылар той иелерінен бетер алаңдайтындарын айтты.
"Кейде беташардан кейін келіншектің басына тағатын орамалды не неке жүзігін ұмытып кететіндер бар. Ондайда қобалжыған той иелерін қысылтпай, өзіміз жайлап қонақтардан сұрап аламыз. Ондай кезде жолын берсін деп тойға келген үлкен апалардың орамалын шешіп аламыз. 5 минуттық жағдайлардың әзі кейде әбігерге қалдырып қояды", - дейді ол.
"Қазір адамдарды арзан би, әдемі сөз, салмағы жоқ әзілмен таң қалдыра алмайсың. Тойды шоу тәрізді өткізу сәнге айналды. Сценарий жазылып, тойдың басынан аяғына дейін ұйымдастырамыз. Той жасаушылардың көпшілігі жүгіріп уақыт жоғалтқылары келмейді. Әдемі көйлектерін киіп, шаштарын сәндеп тойға тек дайын күйінде келеді. Ұсыныстары бойынша айтатын тілектеріне дейін жазып береміз. Тойдан қалған заттарынан дейін жинап, таксилерін де шақырып береміз. Әр тойда барынша жоғары деңгейдегі шоу жасалады, ешкімде болмаған эксклюзивті моменттер таңдалады", - дейді Гүлнәр Жұмағалиева.