» » Жолдасымның өлімі неден болғанын түсінгім келеді

Жолдасымның өлімі неден болғанын түсінгім келеді

Бірнеше жылдан бері мені жолдасымның өлімі неден болғаны мазалайды.Жатсам,  тұрсам, не себепті өлді деген сұраққа  жауап таба алмай дал боламын. Жолдасым асылып қайтыс болды. Олай жасайтындай, ондай іске итермелейтіндей себеп жоқ. Көйлегі көк, не ішемін, не жеймін демейді, ата-анасы, əйел, бала-шағасы бар, Аллаға Шүкір. Барлығы тату-тəтті ,ұрыс-керіс болмаған. Бірақ не себеп болды?
Ажал дейін десем, Алла Тағала өзіне қол жұмсағандарды өзіне қиянат жасаған деп біледі. Алла Тағала қанша ғұмыр берсе, сонша өмір сүруі керек, яғни бұл Алланың бұйрығына қарсы шығу. Онда бір тылсым күштің əсері бар ма?
Баламның бесігінің (көрпесінің) астынан бір түйіншек тауып алдым,əдейілеп ақ пен қара жіппен Х əріпі қылып жазылған. Дереу үйдегілерге көрсетіп өртеп жібердік .Естуімше, туыстарында осындай дуа мен айналысатын адам бар тұғын.
Қазір ойлап отырсам жолдасым өлер алдында біртүрлі өзгеріп жүрді. Ол кезде өледі деп ешкім ойламайды ғой, соңынан ойланып көрсең, өлетінін өзі біліп жүргендей. .
Соңғы кезде ол баласын өзі бесікке бөлеп, телефонына жзазып алған сүрелерді қосып қоятын. Бұның не, сен сүре тыңдамаушы едің ғой дегенімде: "Баламнан шайтандар аулақ жүрсін .Бұл үйде шайтан бар" дейтін. .Қайдағы жоқты айтпашы деп мəн бермеппін.
Мен өзім сүренің барлығын бала күнімде жатқа білетінмін, күндердің бір күні жолдасым маған сүре үйретші деп қайта қайта айтатын, менімен бірге қайтала десем тілі келмейді. Түнде ұйықтай алмайтын, аяғын жерге соғып, арқамда бірдеңе жыбырлайды, жатқызбайды деп мазасызданып жүрді. Ұйқтай алмағасын карта ойнап, букмекерге барып уақыт өткізіп бірақ келетін. Соның барлығын ойлап менің əлі күнге мазам кетеді. Неге? Не себепті? Қалайша өз өмірін қиюға болады? Қолы жұдырық болып түюлі қалыпты. Аяғы балшық-балшық,аяқ киімдері жан жақта. Солай ілініп тұрды.Бірақ жібі бір байланған. Анадай ауыр денемен қалайша бір байланған жіп оны көтеріп тұрды және мойнында ешқандай ізі жоқ. Сонда бұл қалайша?
Ойлайтыным,  шайтан, дуа деген рас па? Білгім келеді де тұрады.
Дуа туралы не білесіздер? Оның өз өзіне қол жұмсауға итермелейтін қасиеті бар ма?
Мұндай оқиға кімнің басынан өтті? Бұл жағдайдың өткеніне 4 жыл болды. Бірақ осының барлығы дәл кеше болғандай ойымнан шығар емес.. Қалай ұмытсам екен? 
Аноним 

30 шілде 2019 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031