» » Полиция: Елде "ішіне жын кірген" адамдарды заңсыз емдейтін емшілер көбейді, ондайлар жазаланады

Полиция: Елде "ішіне жын кірген" адамдарды заңсыз емдейтін емшілер көбейді, ондайлар жазаланады

Соңғы уақыттарда қоғамда психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдейтін, адамдардың ішіне кірген "жынды" шығаруға көмектесеміз деп жүрген дін ұстанушы азаматтарды көп кездестіреміз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы "емшілер" дұғаларды оқып, әртүрлі шөптен жасалған қоспаларды ішкізіп, сол үшін адамның шалдыққан ауруына байланысты 3000-10000 теңге аралығында төлем алады.
Мысалы үшін, мамыр айының соңында Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы тұрғын емделушінің ішіне жын кірген деп, еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі жағымсыз ұнтақ тектес қоспаларды ішкізген. Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін, полиция қызметкерлеріне жүгінген.
Нәтижесінде, "Емшіге" қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 424-бабына сәйкес, "заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысу" фактісі бойынша сот шешімімен айыппұл салынды.


22 шілде 2019 ж. 1 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 298
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930