» » ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТЫНЫШТЫҚТЫ КҮЗЕТЕДІ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТЫНЫШТЫҚТЫ КҮЗЕТЕДІ

Бұл түнгі рейд полиция қызметкерлері үшін күнделікті 24 сағаттық жұмысы. Кентіміздің тыныштығын күзету, олардың басты міндеті. Ал біз бір күндік жұмысымызды кейінге шегеріп, қалам мен қойын дәптерімізді тастап, сол тәртіп сақшыларының жанында жүріп, түнгі жұмыстарымен бөліскен едік.
      Олардың күндегі тәртібі бойынша кешкі сағат сегіз жарымда, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында қызметкерлермен бірге аудан әкімдігі апараты және мемлекеттік орган қызметкерлерінен құралған рейдтік топтар бірігіп нұсқаулық жиын өткізді. Жиынның мақсаты жалпы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу және адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық секілді қылмыстарға жол бермеу. Аудандық полиция бөлім бастығының орынбасары Қанат Ерманов тәртіп сақшыларының түнгі рейдке сақадай сай екенін бір пысықтап тексеріп, тиісті орган қызметкерлерімен бірлесе әр әкімшілік аймақтар бойынша 5 бағытқа рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Оған ішкі істер бөлімінен 5 автокөлік, құзырлы органнан 2 автокөлік жұмылдырылды. Осылайша әр учаскелік аймаққа бөлінген полицияның қатарына ілесіп біз де ердік.
     Бізбен бірге жұмыс істеуге дайынсыңдар ма дегендей көзқарас білдірген полиция кіші лейтенанты Абай Саудаев патрульдік «Нива» автокөлігінің тізгініне отырып жол бастады. Тапсырма нық. Өзімізді тәртіп сақшысындай сезініп жұмысқа қызығушылықпен кірісіп те кеттік. Кент көшелеріндегі кафе мен ойынханаларды бақылап, әрі жол бойында тәртіпті қадағалап келеміз. Ауданның шығыс бөлігіне бет алғанымыз сол еді қарама-қарсы бағытқа шыққан «Опель» автокөлгінің жол ережесін сақтамағанын байқадық. Көлігін кері бағытқа дереу бұрған Әбекең, әлгі мәшиненің артынан қуып жетіп сигналын қосып, жол жиегіне тоқтатты. Қасындағы серігі полиция кіші лейтенанты Нұрсұлтан Қожабаев автокөлік жүргізушісіне тоқтату себебін түсіндіруде. Себеп, түнгі нөмір жарығын жақпай жүруі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 602-бабының талаптарына сәйкес ескерту берілді. Я, қарапайым болмашы нәрсеге тоқтатыпты деген боларсыз. Алайда, оның да өзіндік жол ережесіне бекітілген заңы бар. Тәртіп барлығына ортақ. Көлігімізді одан әрі қозғап, жарығы жоқ көшелерді бір-бір шолып өттік. Күн батса жастардың көше кезіп жиналатын әдеті емес пе? Қылмыстық іс-әрекеттің орын алуына осы қараңғы көшелер мен қараусыз қалған ғимараттардың себеп болуы. Көбіне құқық бұзушылықтың осындай жерлерде жүзеге асырылатыны жасырын емес. Қош. Бағытымызды шағын мөлтек ауданына бұрғанымызда тас жолда жүйіткіген спринтер автокөлігі жолымызды кесе өте шықты. Мал ұрлығы деген күдікпен артынан тоқтатпақ болғанымызда, дыбыстық дабылға қарамай жүрісін жалғастыра жөнелді. Тәртіп сақшыларынан кім қашып құтылсын, бізде қуып жетпеске қоймадық. Әйтеуір бұйрығымызға бағынып, оң қапталға тоқтады. Өздерін таныстырған полиция қызметкерлері рейд жұмысы бойынша тоқтату себебін айтып мән-жайды түсіндірді. Көлік жүргізушінің полицияны тыңдауға да, мәшинеден түсуге де құлқы жоқ. Алғашында мінез көрсеткенімен сәлден соң сабасына түсті. Өйткені, қоғамның тәртіп сақшылары тентекті тезге салуды бірінші орынға қойған.
     – Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, бірі – сені тыңдаса енді бірі – тәкаппарлыққа салынып тәртіпке бағынғысы жоқ. Біз мұндай жағдайға әбден шыныққанбыз, әр адамның әр түрлі мінезіне қарай сөйлеп психологта болғанбыз. Темірдей тәртіп бірінші адамды сабырлыққа тәрбиелейді, – деді полиция кіші лейтенанты Абай Саудаев.
     Тәртіп сақшысы болу шыдамдылық пен ерекше төзімділікті талап етеді. Олардың қыр-сырын түсіну үшін біз осылай бір түн уақытымызды бөліп, түнгі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істеп қайттық. Алайда төрт сағатқа әрең шыдап, қайтуға асықтық. Ал, олар болса 24 сағат бойы ұйықтамай, ел тыныштығын күзетуде. Ең бастысы біз осындай ауыр да жауапты жұмыстың куәсі болдық.

                                                                                                                  Ерсін СӘДУҰЛЫ,
                                                                                                                  «Қармақшы таңы»
28 мамыр 2019 ж. 1 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031