» » Ұлының жанынан “елес баланы” көрген (фото)

Ұлының жанынан “елес баланы” көрген (фото)

   Кішкентай Себастьян төсегінен түспекші болғаннан кейін Лаура мен оның сүйіктісі Дин Аванс бүлдіршіннің бөлмесіне камера орнатып қойды. Әркез ұлымызды бақылап, алаңсыз отырамыз деп ойлаған жұптың бұл ойы жүзеге аспады. Себебі Лаура Хей 1,5 жасар ұлының жанынан елес баланы көргенін айтты.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды.
   39 жастағы төртбалалы ана монитор арқылы ұлының жанында ұйықтап жатқан «елес баланы» көргенде қатты шошып қалған. Одан бөлек, Лаура елестің бөлмедегі заттарды әрі-бері жылжытып тастағанын байқаған. Сол сәтте оның күйеуі Дин баланың бөлмесіне көтеріліп, сәбидің жанындағы елесті ұстап алудан үміттенген-ді. Алайда елес бала сол мониторда қалып қойды, яғни бөлмеде Себастьяннан басқа ешкім болмады.
   «Баламның төсегінің бір бұрышында бөтен біреудің жүзін көргенде, оны Скайп арқылы әпкеме көрсеттім. Алайда ол ештеңені көре алмады. Ал елес бала кейде өзімен бірге Тедди аюын алып келетін. Дин жоғарыға көтерілерде ойыншықты табатынына сенімді болған. Алайда ұлымыздың жалғыз жатқанын көргенде қатты абдырап қалған. Мұндай нәрсеге сене де, түсіндіре де алмаймын», – дейді баланың анасы.
   Бір қызығы, бұл – отбасының басынан өткен алғашқы ерекше құбылыс емес. Лаураның айтуынша, ол үнемі бір шудың дыбысын естіп, үйдегі картиналардың теріс қарап тұрып қалатынын байқаған.
«Менің ойымша, оның еш жамандығы жоқ. Себастьян түні бойы жақсы ұйықтады. Тіпті, бір мезетте қасындағы затты құшақтап жатқандай көрінді. Меніңше, бұл жақсылықтың белгісі, жаманшылық болса, Себастьянның көңілі түсер еді», – деп бөлісті анасы.
«Кейбір заттарымыз жоғалып кетті. Ара-тұра шар көреміз. Одан бөлек, үйдегі фотолардан біреудің көлеңкесін байқадым. Кейде баспалдақпен жүгіріп жүрген балалардың даусын естиміз. Ал теріс қарап қалған картиналарды тіптен түсіндіру қиын. Кейді әлдебіреулер менің атымды атайды», – дейді бүлдіршіннің әкесі.
04 мамыр 2019 ж. 3 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031