» » Жынды ғашық еткен қыз

Жынды ғашық еткен қыз

Қазақ қызы осыдан біраз уақыт бұрын өзіне жынның ғашық болғанын жайып салды. Айнұр есімді ару өзінің әлеміне шақыратын белгісіз дауыстан қалай құтылғанын айтып, жан сырын ақтарды деп жазады "Хит-тв" арнасының "Шырғалаң" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айнұрдың айтуынша, бұл ауылдық жерде жаз мезгілінде орын алған.

"17-18 жасымда басымнан бір оқиға өтті. Ол уақытта біз ауылда тұратынбыз. Жазда әдеттегідей сыртта ұйықтаймыз.

Бір күні осылай ұйықтауға жататын кезде қатты жел тұрып, көрпем ашылды. Сосын жаныма біреу келгендей болды. Алғашында бұл нәрсеге мән бермей, тілімді кәлимаға келтіріп жата бердім.

Алайда бұл оқиға күннен күнге күшейе берді. Ол адам маған күнде келетін болды. Содан мен ол кісінің кім екенін білу үшін сөйлесіп көрмек болдым.

Одан сұрап едім, ол "Саған ғашықпын" дегеннен басқа нәрсе айта алмады", - деген бойжеткен ол жігітке бар сырын ақтарып, құпиясымен бөлісетін жағдайға жеткен.

"Ол адам көзім жаңадан ілінген кезде келетін. Түсіме кіріп, өңімде келгендей болады. Алайда оның жанымда жүргенін сезетінмін. Онымен сөйлесетінмін.

Содан бір күні келіп, маған "Сенің бұлай жүруіңе болмайды. Менің әлеміме кетуің керек" деген әңгімені бастады.

Алайда мен осы әңгімеден кейін қорқып қалдым. Барлығын ата-анама айтып бердім. Ал әке-шешем мені бір кісіге емделуге алып барды.

Мен ұзақ емделдім. Осыдан кейін әлгі жігіт маған келуді қойды. Біз кейін ол ауылдан көшіп кеттік", - дейді Айнұр.

alashainasy.kz
03 мамыр 2019 ж. 3 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 272

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930