» » Алматыдағы мистикалық 7 мекен

Алматыдағы мистикалық 7 мекен

Аңыз ба, ақиқат па?

1. Қаңыраған ҰОС госпиталі


Аталған госпитальді өткен ғасырдың 40-жылдары ҰОС ардагерлері мен мүгедектері тұрғызған. 90 жылдары мұнда Ауғанстан соғысының ардагерлері ем қабылдаған екен. Қатты жер сілкінісі емхананың шатырын зақымдаған соң, емхана бос қалады. Десек те, қаңырап қалуына тек табиғат апаты ғана себепкер емес секілді. Мұнда дәрілік заттар, орындықтар әр жерде шашылып жатыр. Ал кіреберіс есігі құбыжық кіріп кетердей немесе ішіндегі елес атаулылары сыртқа шығып кетпесін дегендей тас бекітілген. Бұл орын Алматыдағы елестер мекендейтін атақты жерге айналған.

2. «28 панфиловшылар» саябағы

Алматылықтар үшін демалыс орнына айналған саябақта қандай мистикамен байланысты оқиғалар болып тұрады дейсіз ғой?... Музыка аспаптарының мұражайына қарама-қарсы беттен ылғи ақ көйлектегі қыздың елесі жүреді екен. Сондай-ақ, осы маңдағы шіркеудің астында жер асты жолы бар-мыс. Онда төрт тонналық қоңырау жатуы мүмкін. Қоңырау жер сілікінісі болардың алдында соғылып, дыбыс береді екен.

3. Қапшағай тас жолы

Жыл сайын Қапшағай тас жолында көптеген келеңсіз жайттар болып жататыны жасырын емес. Кейбіреулер аталған жолдың астында мазар бар десе, кейбірі осы жолда қайтыс болғандардың аруағы маза бермейді деп жатады. Сондай-ақ, түн ауасында тұяқты қыздың бейнесін көрген адамдар да жетерлік. Ол жол жиегінде көлік тоқтатып тұрады екен. Сол себепті, жүргізушілер бұл маңнан темір тұлпарларына ешкімді отырғызбауға тырысады. 

4. Баум тоғайы

"Мен бұл маңға жайсыз сезіммен беттедім. Бұрын ауылдағы тоғайдан көрген бейне көз алдыма келгенде, тіпті тілім байланып, біреу үстімнен суық су құйып жібергендей болды. Қасымдағылар да біртүрлі күйді бастарынан өткергендерін айтты. Бірақ ешқандай елес көрмепті" дейді Әнуар есімді жігіт. Расымен, көпшілік мұнда елестердің ары-бері жүретіні жайлы жиі айтады. Бұрын мұнда архиепископты қинап өлтірген дейді (маза таппай жүрген соның аруағы болуы мүмкін). Ол өлердің алдында Баум тоғайына шіркеудегі қасиетті затты жасырып кетіпті. 

5. Жер асты шіркеуі

Медеу маңында Серафим мен Анатолий есімді екі монах тұрғызған скит (монастырь) бар. Успен шіркеуіне қараған бұл скит өткен ғасырда ылғалдың көптігінен төмен түсіп кеткен. Ел аузында ол жерді аруақтар мекен етеді деген аңыз тарап жүр. Кейбіреулері монастырьды салған екі монахты осы жерде өлтіріп кеткенін айтады. Міне, солардың аруақтары тыным таппай келушелірді жиі мазалайды екен.

6. Медеудегі аруақтар мекен ететін үй

Бұл үй негізі мейрамхана болуы керек болған. Бірақ, құрылысты жүргізгендер жиі мистикалық оқиғаларға тап болған соң, ары қарай жұмыс жүргізуден бас тартқан. Содан бері үй қаңырап бос тұр. Мұнда келушілердің көбісі үйді ашулы елес мекен етеді дейді.

7. «Қазақстан» кинотеатры

Кинотеатрдың астында бұрын адамдар кіріп-шыға беретін үңгір болған дейді. Онда құрылыс барысында қаза болғандардың елесетері жүреді-мыс. Кинотеатрда жұмыс істейтін қызметкерлер төменнен адамның жүрген дыбысын жиі еститіндіктерін айтқан. Тек төменнен емес, түнге кезекшілікке қалған күзетші кинотеатр ішінде орындықта отырған адамның елесін көргенін мәлімдеген.

#алматы мистика #мистикалық орындар #медеудегі шіркеу #медеудегі елестер үйі#қазақстан кинотеатры #баум тоғайы #қапшағай тас жолы #ұос госпиталі#28 панфиловшылар саябағы

Ақпарат el.kz-тен :)


30 сәуір 2019 ж. 2 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031