Жер астынан шыққан тозақ үні (Видео)
Оқымыстылардың пайымдауынша, Жер өзін мекендейтін бүкіл тіріжандылар, оның ішінде сіз бен біз сияқты, тіршілік етеді. Геологтар жер де кей-кейде тірі организм сияқты ауырсынып, күрсінеді, ашуланып, бұлқан-талқан болады десе, ал дінтанушылар ондай дыбысты тозақ үніне балайды.
Расында да соңғы жылдары әр елде осындай дыбыстар жазылып алынған аудио-видео материалдарды жиі кездестіретін болдық. Олардың ішінде біздің қалалар да бар.

1980 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында оқымысты-геологтар жерді 12 шақырым тереңдікке дейін бұрғылап, тозақтың тура үстінен түскені туралы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз айтайық, кеңестік бұрғышылар скважинаға микрофон байлап түсіріп, тозақы болған миллиондаған адамдардың қорқынышты дауыстарын жазып алған. Жақында осы дыбысжазбаны біз де өз құлағымызбен естідік. Бұрғышылардың жеті қат жер астынан жазып алған даусынан шынымен де миллиондаған адамдардың қинала шыңғырып, шуласып жатқанын тап-таза естисіз. Еріксіз денеңіз түршігеді.
Тарихта бұл дауыс турасында жазғандардың бәрі Дмитрий Аззаков дегенге сілтеме жасайды. Аззаков былай деген-ді: «Коммунист ретінде мен Библияға сенбеймін, бірақ оқымысты ғалым ретінде енді тозақтың бар екеніне имандай сенетін болдым. Біз естігеніміз бен көргенімізді айтып отырмыз. Сондықтан да тозаққа тура түсетін жолды бұрғылағанымызға аса сенімдіміз». Бұл есім алғаш 1989 жылы баспасөз бетіне шықты. Яғни Финляндияда шығатын газетте жазылғандай, КСРО-да Батыс Сібірді бұрғылау кезінде 14,4 шақырым тереңдікке жеткен кеңестік геологтар кенет бұрғының үңгірге немесе бос кеңістікке тап болғанын байқайды. Геологтардың ешқайсысы да мұндай тереңдікте бос кеңістік болады деп ойламаған. Сөйтіп, ұңғымадан бұрғыны арнайы кранмен 70 сағат ішінде суырғанда, онымен бірге тісі ақсиған, тырнағы тарбиған, үлкен ызалы көзді мақұлық ере шығып, көзді ашып-жұмғанша ғайып болады. Жұмысшылар мен инженерлердің көбісі зәресі ұшқаннан тұра-тұра қашады. Бұрғышылар бұл нәрсені одан әрі зерттемек болып, литосферлі плиталардың қозғалысын жазып алуға арналған микрофонды скважинаға түсіргенде... қиналып шыңғырған адамдардың дауыстарын естиді. «Алғашында біз бұл дауысты бұрғылау қондырғысынан шығып жатқан болар дестік, бірақ тыңғылықты тексергенімізде, шынымен, күдігіміз расталды. Бұл бір ғана адамның шыңғырған дауысы емес. Жүздеген, миллион адамның үні. Бақытымызға орай, біз бұл қорқынышты дауысты магнитофон лентасына жазып алдық» дейді Аззаков.
Финляндияда газетке шыққан бұл мақаланы КСРО-ның барлық газеті жарыса басты деуге болады. Сексенінші жылдардың соңында бұл мәселені Америка телекомпанияларынан бастап шетелдің барлық ақпарат құралдары «орыстар тозақтан малғұнды босатып жіберді» деп шулатты. Солардың бірінде кеңес бұрғылаушыларымен бірге шетелдік азаматтардың болғандығы айтылады. Қазір ол жерден қашып кеткен олар өз өмірлері үшін қорқып, тығылып жүреді.
«Егер олар қайтадан КСРО-ға барса, түрмеде кемінде он бес жыл отырады. Жер астынан шыққан адам дауыстарының ашылуы орыстарды дүрліктіргені соншалық, олар басында шетелдік жұмысшылармен не істерін білмей қатты сасқан».
«Егер бұл оқиға Брежневтің кезінде болғанда, бізді өлтіртетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Біздің бәрімізді екі күннен кейін КСРО-дан шығарып жіберді. Орыстар "егер бұл туралы ауыздарыңды ашсаңдар өмірлерің қиылады" деп қорқытты» дейді шетелдік БАҚ құралдарында сөз алғандар.
Бірақ КСРО-да шын мәнінде, мұндай терең бұрғылау Батыс Сібірде емес, Мурманск облысындағы Кольская ұңғымасында жүргізіліп жатқан-ды. Онда 16 зерттеу лабораториясы жұмыс істеп, оны КСРО геология министрі тікелей басқарып отырған. 1970 жылы Лениннің 100 жылдығына байланысты басталған бұрғылау жұмысының күрделілігі ғарышты алғаш игергенмен тең болмаса, кем болмайтын. 1983 жылы кеңестік бұрғылаушылар тура 12 шақырым тереңдікке жеткен-ді. Қалған 262 метрді жеті жылда әрең дегенде қазып шықты. Әлгі шетелдік газетте айтылғандай, 14 шақырым емес, бұрғылаушылар 12 262 шақырым тереңдікке 1990 жылы ғана жеткен. Әлемде ешбір елдің бұрғылаушылары дәл мұндай тереңдікке жетпеген, Гиннестің Рекордтар кітабына енген ұңғыма «тозаққа апаратын жол» атанып кеткен-ді. Себебі әрбір бұрғыланған жаңа шақырым кезінде КСРО-да бақытсыздық болып отырған. Оның үстіне бұрғылау жұмыстары кезінде түсініксіз апаттар көбейіп, беймәлім күштер кедергі келтірген. Бұрғышылар тура 13 мың шақырым тереңдікке жеткенде КСРО тарап тынды. Сонымен, бұрғылау қаржы жетіспеушілігіне байланысты біржола тоқтатылды. Көптеген халықаралық қорлар бұл жобаға қаржы құюға дайын екендіктерін мәлімдегенмен, 200 градус ыстық температурада микрофонға шуласа шыңғырған адамдардың дауысы жазылып қалған әлгі мистикалық сұмдықтан жүректері қатты шайлықты ма, бұрғылаушылар бұл істі қайтып қолға алған жоқ. Ал біржола жабылған сенсациялық жобаның жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, академик Давид Губерман жер астынан жазылып алынған дауыс туралы ғылыми конгресте өзіне қойылған сұраққа «жер асты әлемінің құпиясы бізге әлі беймәлім» деп бұлыңғыр түрде жауап берген.
Сонымен, әлемдегі ең терең ұңғыма ғылымға не берді деген сұраққа келейік. Алдымен Жер планетасының жасы 3 млрд жыл екені анықтауға мүмкіндік берді. 6840 метр тереңдіктен кейін ғалымдар Жер бетінде бұдан 2,5 млрд жыл бұрын не болғанына болжам жасады. Планетада тіршілік белгісі бұрынғы зерттеуге қарағанда 1,5 миллиард жыл бұрын пайда болғанына көз жеткізді. Мектеп оқулықтарында айтылып жүргендей, Жер қыртысы гранит, базальттан ғана тұрмайтын күрделі екені анықталды.
Енді Жер астынан жеткен дауыстың құпиясына келейік. Бұл жұртты улатып-шулатқан аудиожазбаның шындық не жасанды екені ақи-тақи анықталмағандықтан, бұған толыққанды жауап беруіміз қиын. Сену-сенбеу өз еркіңіз. Өз уақытында мұны жоққа шығарып, ресми түрде үн қатқан ешкім болмаған. Одан бері де жиырма жылдан аса уақыт өтіп кетті.
КСРО кезінде мұндай мистикалық сенсациялардың талайы жөргегінде тұншықтырылып отырылғаны мәлім. Мәселен, 1984 жылы «Салют-7» орбиталық стансасында болған оқиғаны алайық. Корабль командирі Олег Атьков пен Леонид Кизим станса күміс түске толып кеткенін және оның сәулесінің өткірлігі соншалық, ештеңе көрмей қалғандарын айтады. Сәлден соң ес жиған ғарышкерлер иллюминатордан өздеріне қарап тұрған адамға ұқсас бет-әлпет көрген. Сөйтіп, адамға ұқсас, қанаты бар, көлемі ұшаққа барабар жеті періште он минут бойы ғарыш кемесімен бірдей жылдамдықпен қатарласа жүзіп, кенеттен жоқ болып кеткен. Кейіннен стансадағы оларға тағы үш ғарышкер: Светлана Савицкая, Игорь Волк және Владимир Жәнібеков барып қосылған. Олар да стансаның кенеттен көз арбайтын күміс түске шомылып кеткенін және жеті бірдей періштенің пайда болғанын көрген. Сөйтіп, алты бірдей ғарышкер «күлімдеген періштелерді» өз көздерімен көргенін айтқан...
Ал «Ер Төстік» ертегісінде айтылатын Бапы ханның жер асты әлеміндегідей топырақ астынан тың тыңдайтын Саққұлақтар әр елде де болған. XIX ғасырда Италияның бір оқымыстысы қызық тәжірибе жасап, жер астынан әртүрлі дауыстар, ырғақ, әуендер жазып алғаны тарихта тіркелген. Жапониядағы жер сілкінісін зерттеген ғалымдар тереңдегі сейсмикалық шуларды дәл ажырату арқылы қауіптің қайдан келерін анықтауға болады деген қорытындыға келген. Оқымыстылар ұрмалы аспаптардың үніне ұқсайтын жер астынан шығатын көп қырлы дыбыстардың Бетховен мен Шуберттің туындыларымен бәсекелесе алатынын да айтады. Соған қарағанда үш әлем: аспан, жер, жер асты байланысы туралы Шоқанның: «Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал жердің астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар» деп жазып кеткен аңыз-әфсанасына тағы бір рет үңіліп қойғанның артықшылығы жоқ-ау. Мына әлемнің біз білмейтін мың сан жұмбақ құпиясы көп қой.