» » Лотореядан қыруар қаржы ұтқан азамат өкініп қалды

Лотореядан қыруар қаржы ұтқан азамат өкініп қалды

16 жыл бұрын лотореядан тарихтағы ең көп ұтысты жеңіп алған Джек Уиттакер бірден байып кеткенімен, кейінірек ақша оның түбіне жеткен. "Аспаннан түскен" 314 миллион доллар қалай жұмсалды?
 

Фото: life.ru
2002 жылы 314 миилион доллар өте көп ақша саналатын. Джек 112 миллион доллар салығын төлеп, ұтысын толық қолына алған.
Лотореяда жолы болған азамат ауқымды соманы ала салып, оны сатқан дүкендегі кассир қызға үй мен көлік алып береді.
Осыдан кейін өзі тұратын қалада жұлдызға айналған Джектен барлығы қайырымдылық жолында ақша сұрай бастапты.
2003 жылдан бастап ол түнгі клубтарға жиі барып, кейінірек тіпті киімі мен түр-әлпетіне қарауды да қояды.
"Киімі мыжылып, өзі кір қалпақпен жүре беретін. Ол алғашында "Мен Джек Уиттакермін. Менің айтқанымды барлығың тыңдайсыңдар... Менің ақшам Құдайдан да көп" деп айтатын", - дейді клуб қызметкері.
Көп уақыт өтпей оның көлігіне ұры түсіп, өзімен бірге алып жүретін сөмкедегі жарты миллион долларын қолды қылады.
Ал Джекпен бірге тұратын жалғыз немересі Бренда байлықтың кесірінен есірткіге салынып, 2004 жылы өлі күйінде табылған.
Фото: life.ru2009 жылы Бренданың анасы да өзіне қол жұмсап өлген. Ал 2016 жылы олардың үйі өртеніп, таза тақырға отырыпты.
Джектің бұрынғы әйелі лоторея ұтысының өмірлерін күл-талқан еткенін айтады. Жұбайы да онымен келісетінін жасырмайды екен.
"Немерем ақша үшін өлді. Ол менің өмірімдегі барым еді. Әйелім сол ұтыс шыққан билетті жыртып тастар едім дейді. Мен де солай істер едім", - дейді Джек Уиттакер.

05 қараша 2018 ж. 2 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930