» » Ешқашан автограф бермейтін 5 Голливуд жұлдызы

Ешқашан автограф бермейтін 5 Голливуд жұлдызы

Ешқашан автограф бермейтін 5 Голливуд жұлдызы
Жоғары технологиялар ғасырына аяқ баспас бұрын сахна өнерпаздарынан автограф алу сән болатын. Елді тамсандырған жұлдызды өз көзіңізбен көргеніңіздің дәлелі де сол шимай. Қазір оны селфи алмастырған. Десе де, қолтаңбаның жөні бөлек. Бір қызығы, мұхиттың арғы бетіндегі америкалық арманның негізгі символы саналатын Голливуд жұлдыздарының ішінде өнеріне табынушыларға қолтаңба бермейтіндері де бар болып шықты.
Тізімге көз жүгіртіңіз.
Cкарлетт Йоханссон
Актрисаға автограф беру мүлде ұнамайды екен. «Қолтаңба алудың еш мәні жоқтай көрінеді. Оның қасында селфи суретке түскен дұрыс деп ойлаймын. Ең құрығанда ол әлдеқайда көңілді үдеріс секілді», - дейді Скарлетт.
Миранда Керр
Әлемдегі ең бай супермодельдердің бірі Миранда Керр де осы тізімнен табылды. Оған да телефонға суретке түсу жеңіл әрі қызықты көрінеді екен. Тіпті, табынушылардың телефонын өз қолына алып, керек ракурста сапалы фотография жасап беруге де ерінбейді.
Джек Николсон
Актер мұндай шешімге хоккей матчында орын алған оқиғадан кейін келген. Ол стадиондағы орнына жайғасып, енді ойынның қызығына бата бергенде, бір топ жас кезек-кезек автограф сұрап мазасын қашырған көрінеді. Бұл Николсонға сабақ болды.
Крис Пратт
Крис Пратт өзі жеке танитын адамдарға ғана қолтаңба береді. Өнерінің шынайы жанкүйерлерінің басым бөлігімен тығыз байланыс орнатқан актер көшеде жақындағандардың ұсынысынан үнемі бас тартады.
Камерон Диас
Камеронның автограф бермеуіне айтарлықтай себеп жоқ. Бұл жағдайға қатысты актриса: «Мәселе менің тәкаппарлығымда емес. Көшеде бір адамға автограф берсең, оның артынан үлкен кезек пайда болады. Мен содан қашамын», -дейді. 
28 мамыр 2018 ж. 1 105 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 17:43
Cialis Generico Canada cialis 5mg Priligy Avis Des Clients Finasterida O Propecia

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 204

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930