» » Әскердегі көрісу күні

Әскердегі көрісу күні


Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде наурыз мейрамы қарсаңында жеке құрам бір-бірін Көрісу күнімен құттықтады.
Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні - көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді.Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.
-Көрісу күнінің ең бастысы және маңыздысы: ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу. Достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін мереке - көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруының жарқын бейнесін көрсетеді, - дейді әскери бөлім командиірінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Әбиев.
Қазақ әскерінің әскери қызметшілері - өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары.
Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.

Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант


14 наурыз 2021 ж. 3 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

29 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 196
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 758

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031