» » Жанболат пен Жазира Алтынай Жорабаеваның қызына құда түспекші

Жанболат пен Жазира Алтынай Жорабаеваның қызына құда түспекші


Қазақ эстрадасының жарасымды жұптарының бірі Жанболат пен Жазира келін таңдауда алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайын деп шешкен көрінеді. Жұлдызды жанұя өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызына құда түсуге ниетті болса керек. Желідегілердің мұндай болжамдарына Жазира Байырбекованың жариялаған жазбасы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекованың көзі көпбалалы ана - Алтынай Жорабаеваның қызына түскені анық. Әнші Instagram парақшасында өнердегі әріптесі мен оның қызының суретін жариялап, оған сұрақты төтесінен қойған. "Алтынай, қызың өзің сияқты пысық па?!" - деп сұрады эстрада жұлдызы. Өнер иесінің бұл жазбасы желіде бірден қызу талқыға түсті. Көпшілік Байырбекованың әрекетіне қатты таңғалып, қос тарап келісімін берсе тойдың ауылы алыс емес деп болжады. "Жарасымды құдағи болар едіңіздер", "Алтынайдың қызы әдемі екен", "Жазира апайдың сұрағы қызы екен. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайын деген болар" , "Жарасымды жұп шығар еді. Жанболат пен Жазираның да ұлы сымбатты жігіт қой", "Жұлдызды тандем" , "Инстаграммен құда түскелі жатыр-ау" , "Келін етейін дедіңіз ба" , "Анасына қарап, қызын ал" , - деп өз пікірлерін жазуда желі қолданушлары.

04 маусым 2020 ж. 10 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930