» » Өмірқұл Айниязовтың қарындасы ток-шоуда көмек сұраған

Өмірқұл Айниязовтың қарындасы ток-шоуда көмек сұраған


Отандық ток-шоулардың бірінде бой көрсеткен Өмірқұл Айниязовтың қарындасы тікелей эфирде шу шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.  


өмірқұл
"Кел, татуласайық" бағдарламасына кейіпкер ретінде қатысып, отбасылық өмірінің қиындығымен бөліскен Гаухар Айниязова есімді келіншек үкіметтен үш баласына жәрдемақы сұраған. Алайда, жоба қатысушысы әнші Өмірқұл Айниязовтың туған қарындасы болып шықты. Танымал өнер өкілінің бауырын мұндай жағдайда көруді күтпесе керек, бейтаныс ер адам тікелей эфирде қоңырау шалып, жұлдызды жанұяны жерден алып, жерге салды. 
"Гаухарды мен танып отырмын. Өмірқұл Айниязовтың қарындасы ғой. Білдей эстрада әншісінің қарындасы ғой. Бұл кімнен көмек сұрап отыр? Мен соны түсінбей отырмын. Осы Өмірқұл Айниязов екі қабатты үйім бар, көлігім бар деп айтады. Осындай бір қарындасына көмектесуге шамасы келмей қалды ма? Мынадай жерде отырып, көмек сұрау масқара ғой. Мен соған қынжылып, таңғалып отырмын. Ашуланып отырмын. Бұл кісі мұндай жерде отырып, қол жаюға құқылы емес", - деді Бақытжан есімді Алматы қаласының тұрғыны. 
Телефон арқылы хабарласқан азаматтың өткір пікірі Гаухар Айниязованың ашуына тисе керек, сынына бірден жауап берді. 
"Мен бұл жерде елден қайыр сұрап тұрған жоқпын. Мен Қазақстан азаматымын, осы мемлекетте түрамын, қазақ балаларды өсіріп жатырмын, мен күйеуім Қазақстан азаматы. Мен мемлекеттен маған тиесілі жәрдемақыны алуға келіп отырмын. Мен қол жайып отырған жоқпын. Ондай жағдайға менің туысқандарым ешқашан жеткізбейді", - дейді Гаухар Айниязова. 
Тікелей эфирде талқыланған тақырыпқа қатысты Өмірқұл Айниязовтың да пікірін білген едік. Әнші аталған жобадағы қарындасы екенін растады.   
"Иә, Гаухар менің қарындасым. Біріншіден, бұл шаруа менімен ақылдаспай жасалып еді. Күйеуімен соңғы жылдары дұрыс болмады. Күйеуі кішкене ойынға жақын болды. Біз енді көп арасына түспедік. Ажырасамын деді – ажырасты, қысқасы. Бұл қыздың күйеуінен қалған екі бөлмелі үйі бар, жұмысы бар. Бұл жерде проблема – үкіметтің көмегі ғана. Үш балаға беретін үкіметтің көмегін ғана сұрайды. Ол біреуге барып маған көмектес, мен ашпын деп жатқан жоқ. Қайыр сұраған жоқ. Менің қасымды, менің қарауымда, бәрі дұрыс. Балалары күнде үйде. Басқа ештеңе айтудың қажеті жоқ. Үкіметтің көмегі берілетін болса, соны алады да қайтады!" - дейді Өмірқұл.  
Өмірқұл сұхбаттасу барысында қарындасына қатысты бірнеше тың деректердің бетін ашты. Айниязовтың айтуынша, ток-шоуға қатысқан Гаухар актриса мамандығын тәмамдаған. 
"Гаухар – кәсіби актриса. Бикен Римова атындағы драма театрда жұмыс жасаған. Түрлі түсірілімдерде жүрген соң, қасындағы қыздар бағдарламаға қатыссаңшы деп айтқан болу керек. Мүмкін шынымен оған ұнаған шығар деп ойлаймын. Мен оны үйдегілерге де айттым. Ол актриса болғандықтан оған ол жерде отырып, халықтың алдында жүрген ұнайды. Қазір түсірілімдер аз, әлі қатты танымал да бола алмай жүр. Мүмкін өзі солай шешкен шығар. Бұл менің жеке пікірім ғана. Бірақ отбасылық жағдайы өтірік емес!" - дейді Айниязов.  
28 мамыр 2020 ж. 1 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031