» » "Қайрат ұлыма рахмет": Гүлзира Айдарбекова жаңа зәулім үйін көрсетті (видео)

"Қайрат ұлыма рахмет": Гүлзира Айдарбекова жаңа зәулім үйін көрсетті (видео)


Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың ата-анасы жаңа үйге көшті. Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер айт мерекесін жаңа баспанасында қарсы алған. Желіде жұлдызды жанұя шаңырағында түсірілген видео тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің ата-анасы жаңа зәулім үйге көшкені туралы Гүлзира Айдарбекованың Instagram парақшасындағы бейнежазбадан белгілі болды. Онда белгілі продюсер қайын жұртының ортасында отырған. Үйді аралап, видеоны түсірген адам ерлі-зайыптыларды баспаналы болғанымен құттықтағанын естуге болады. Айдарбекова жариялаған бейнежазбасының астына айтқа қатысты жазба қалдырып, онда ұлы Қайрат Нұртасқа алғысын білдірген.
"Айт құтты болсын! Әуелі Алла, екінші Қайрат ұлыма алғысым шексіз! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін! Айт - қуану, көтеріңкі көңіл-күй деген сөз. Бір дастархан басында жиналып, шаттанып құттықтасу. Айт - өзара шүйіркелесу. Сүйген жандарыңа сөздің ең əдемісін арнау. Айт - бауырмалдық. Жылы жүзбен жолығысып, арқа-жарқа құшақтасу, мұңдының мұңын бөлісу, көңілі жарымның көңілін табу. Айт - алысты жақындату, суып кеткен қатынасты жылыту. Нәпсіңді тізгіндеп, кішіпейіл кейіпке еніп бірінші боп xабар алысу, Кешірім сұрасу. Айт - көптен көріспеген жандармен жолығысу. Өміріміз айт секілді қуаныш пен шаттыққа толы болсын" , - деп жазды ол.
26 мамыр 2020 ж. 1 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 470
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 273

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930