» » "Жылағым келіп тұр": Ерке Есмахан Гүлзира Айдарбекованың сөзіне жауап берді

"Жылағым келіп тұр": Ерке Есмахан Гүлзира Айдарбекованың сөзіне жауап берді

Әнші Қайрат Нұртастың желідегі жазылушыларының саны әріптесі Ерке Есмаханнан көп екенін айтқан продюсер Гүлзира Айдарбековаға Ерке жауап берді. Әнші өзі жайлы айтылған пікірге бей-жай қарамай арнайы жазба қалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Есмахан отандық бағдарламалардың біріне сұхбат беріп, желіде Еркеге жазылушы адамдардың саны өтірік екенін сөз еткен Айдарбековаға Instagram парақшасында жауап берген. Видеода әйгілі хитменнің анасы Еркенің оқырмандарының саны Қайрат Нұртастан аз екенін айтып, бүгінде Youtube желісінде қаралымды сатып алуға қатысты ойын ортаға салғанын көруге болады. Айдарбекованың бұл сұхбаты Ерке Есмаханның көңіліне қаяу түсіріп, желіде жазба жариялауға түрткі болған.

Әнші әрбір жетістігіне маңдай тері мен өз еңбегінің арқасында жеткенін айтты.

"Әкем де, анам да продюсер емес. Өнердің ішінде жүрген жандар болса, олар да жетер жеріне жеткізіп айтар еді! Олар тек менің жанашырларым! Қалғаны Алланың маған берген несібесі! Біреудікін тартып алып жатқаным жоқ, бәрі өз еңбегіммен келіп жатыр. Бұл заманда көп нәрсені сатып алуға болатын шығар, бірақ өнер адамы халықтың сүйіспеншілігін ешқашан сатып ала алмайды! Менің шығармашылық жолымның куәсі - халық. Ютубты мен қалай сатып алам?! Ол сатып алуға болатын дүние болса, менен де ақшасы көп әншілер миллиардтап қаралым жинап отырар еді ғой осы кезге дейін?! Жылағым келіп тұр, шынына келсем. Сол үшін осыны жазып отырмын! Мен осы жетістікке жету үшін қаншама өмірдің қиын сынақтарынан өттім. Жарайды!
Бәрін Аллаға тапсырдым! Әр нәрсенің қайыры бар! Гүлзира апай, мен сізді бәрібір жақсы көремін және қатты сыйлаймын! Қайрош досым, бағың еселенсін!Есіңде шығар, саған әркез айтамын ғой, сен "номер один" әншісің! Ол шындық! Аман болайық" , - деп өкпесін жеткізді Ерке Есмахан.

Әншінің бұл жазбасына алғашқылардың бірі болып Гүлзира Айдарбекованың өзі пікір білдірген. Ол  өзі берген сұхбатты отандық журналист бұрмалап, видеоны кесіп тастағанын жеткізді.

"Ерке мынау деген масқара ғой, сөзіміздің бәрін қырқып тастапты. Сұрақтарына қарай подписчик жайлы сөз қозғаған жерін кесіп алыпты шулату үшін. Ерке жайлы білмеген соң айта алмаймын, мүмкін рас шығар дегенмін. Шәкең куә, тағы қаншама адамдар есітті ғой. Бәле аяқ асты деген осы" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, қызу талқыға түскеннен кейін Ерке Есмахан бұл жазбасын өшіріп тастаған.



04 қараша 2019 ж. 3 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031