» » "Дұғадамыз": Әнші Серікбол Сайлаубекке бүгін ота жасалынбақ (фото)

"Дұғадамыз": Әнші Серікбол Сайлаубекке бүгін ота жасалынбақ (фото)


Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек бүгінде ауруханада жатыр. Ертең өнер иесінің көзіне төртінші ота жасалынбақ. Бұл туралы белгілі журналист Анна Данченко хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал тележүргізуші Серікбол Сайлаубек жатқан ауруханаға арнайы барып, оған ота алдында қолдау білдіріп қайтқан. Оған қоса, Анна Данченко желіде көпшілікті де әнші үшін дұғада болуға шақырды.
"Ораза АЙТ қабыл болсын! Ертең, бұйырса, Серікбол мырзаның көзіне төртінші ота жасалады екен. Дұғада болайық! Бәрі аман-есен өтсін дейміз" , - деп жазды журналист Instagram парақшасында.
Серікбол Сайлаубек қалын сұрап келген жақындарына алғысын білдіріп, өзі үшін алаңдап жатқан көпшілікпен жағдайымен бөлісті. "Бүгін көңіл күйімді көтеріп, біраз шер тарқатып, рухымды көтеріп кеткен жақындарым. Ораза айттарыңыз қабыл болып, дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Ауырмаңыздар! Уайымдамаңыздар, бәрі жақсы болады" , - деп жазды ол.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызына қолдау білдіріп, тез сауығып кетуін тілеген.

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930