"Бата беретін жаста": Серікбол Сайлаубек әншілерді "шегіртке" деген кәсіпкерді орнына қойды
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубек әншілерді "шегірткеге" теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға жауап берді. Өнер иесі оның бата беретін жасқа келіп мұндай қылық танытқаны ұят болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әрине, күлкілі нәрсе. Бірақ, осындай жасқа келгенде мұндай жасағаны ұят дүние. Өнерде жас буын өкілдері де бар. Сол себепті, ол ағама айтарым: Қолдан келгенше мейірімді болған дұрыс шығар. Өйткені, бата беретін жасқа келгеннен кейін, эфирге шығып, "шегіртке, анау-мынау" деп бос сөз айтқан жақсы нәрсе емес. Біз бір-бірімізді мақтаған кезде ғана, бір-бірімзді құрметтеген кезде ғана біздің тәуелсіздігіміз ақталады. Егемендік деген не ол? Ол - ауызбіршілік. Сол себепті, бірлігіміз ажырамасын. Бір-бірімзді мазақтамайық, қолдан келгенше керісінше көтеріп жүрейік" , - деді ол.