«Берлинале» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Бас жүлденің иегері румындық режиссер Адина Пантилие атанды. Оның «Жоламаңыз» атты дебютті фильмі «Алтын аю» жүлдесімен марапатталды. Осымен алтыншы рет «Берлиналенің» жеңімпазы әйел адам болып отыр. Ал «Күміс аю» жүлдесі бірден үш фильмге ұсынылды. Олар: мексикандық режиссердің «Мұражай», парагвайлық «Мұрагерлер» және анимациялық «Иттер аралы» фильмі. Дәл осы фильм «Берлинале-2018» кинофестивалін ашқан болатын. Сондай-ақ қазылар алқасы Гран-приді поляк режиссері Малгожате Шумовскаяның «Шырай» фильміне табыстады. Ал Тимур Бекмамбетовтің «Профиль» фильмі «Панорама» санатындағы көрермендердің көзайымы жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, негізгі бағдарламада барлығы 19 картина ұсынылды. Ең үздік фильмдерді режиссер Том Тыквер бастаған қазылар алқасы таңдады.
Адина Пантилие, «Алтын аю» жүлдесінің иегері:
- Мен өте бақыттымын және ризамын! Бұл менің ғана емес, менің әріптестерімнің де жеңісі. Менің ойымша, бұл фестиваль керемет алаң. Бүкіл әлеммен емін-еркін тілдесуге болады. Біздің туындымыз көрермен үшін күрделі мәселелерді көтерді. Ол қарым-қатынас, байланыс, сұлулық түсінігін қайта қарауға мүмкіндік берді. Біздің фильм ең қажетті уақытта жарық көрді деп ойлаймын. Себебі қазір жаһанды агрессия жайлаған заман.