» » Коронавирустан қорғанған Әуелбекова азық-түлікті толтырып сатып алды (фото)

Коронавирустан қорғанған Әуелбекова азық-түлікті толтырып сатып алды (фото)

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мөлдір Әуелбекова жарияланған коронавирус пандемиясынан кейін қауіпті вирустан қорғану шараларын бастап кетті. Өнер иесі жүрген жерінде маска тағып, жеке тазалығын мұқият сақтап жүр. Оған қоса, әнші карантинге жабылудан қорыққаннан супермаркеттен азық-түлікті толтырып сатып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол барша қазақстандықты коронавирустен қорғануға шақырып, тазалықты сақтауға кеңес берді.
"Сақтансаң - сақтаймын" деген. "Сақтықта қорлық жоқ" - деп бекер айтпаған. Алла сақтасын әрине, бірақ әлемге тоқтаусыз тарап жатқан вирус біздің елге де жетуі әбден мүмкін. Оған қоса доллар құрғұр шатақ болып тұр. Доллар ұшса нарықтағы баға да ұшуын әдетке айналдырды емес пе. Сантүрлі ой көп, ойлай берсең. Сол себепті, мүмкіндік болса кішігірім алдын алу жұмыстарын жасаған абзалырақ шығар.
Біз ең керекті және ұзақ сақталатын азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды алдық.Медициналық маскалар, арнайы тазартқыш гель-спрейлер және иммунитет көтеретін керекті витаминдер алып қойдық. Қара зере майын күнделікті онсыз-ақ ішеміз. Хадистерде өлімнен басқасының бәріне ем делінген. Әлбетте, құрамы витаминге бай құрма дастарханнан үзілмейді. Ағзаның қалыпты жұмыс жасауына үлкен септігін тигізеді.
Ең бастысы гигиена екені мәлім. Тазалықтың бірден бір кепілі кем дегенде намаз алдындағы 5 уақыт толық дәрет ал. Ал ең маңыздысы - дұға! Түсінгенге дұғаның құдіреті мықты! Алла жарылқасын елімізді! Әртүрлі сырқат, аурудан, бәле-жаладан, кесір-апаттан сақтасын! Әмин" , - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты маңызды мәлімдеме жасаған болатын.
Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясын жариялаған соң, бірқатар отандық әншілер өз ән сапарын тоқтатты.

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (10286)

12 наурыз 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

26 қазан 2023 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

11 қыркүйек 2023 ж.

Сұхбат

Табыс әкелген телефон
01 наурыз 2024 ж. 487

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031