Құрылтай
» » Мөлдір Әуелбекова бәссаудада «Astana Arlans» боксшысының қолғабын сатып алды

Мөлдір Әуелбекова бәссаудада «Astana Arlans» боксшысының қолғабын сатып алды

Атырауда «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары аукционға қойылды. Айта кетейік, кеше кешке бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды. Әлемдік додада WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Ойын соңында аукцион өткізіліп, бәссаудаға «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дүбірлі додада жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаевтың қолғабы 3 миллион 700 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды. Айта кетейік, аукционнан түскен барлық 7 миллион теңге науқас балалардың емделуіне жұмсалатын болады.

27 мамыр 2018 ж. 1 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31