» » Президент коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

Президент коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп Трамптан қауіптеніп отыр. Себебі АҚШ президенті бразилиялық әріптесі Жаир Болсонарудың делегациясымен кездескен, ал кейіннен шенеуніктердің бірінің вирус жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамп пен Болсонарудың кездесуі өткен демалыста Трамптың Флоридадағы "Мар-а-Лаго" резиденциясында өткен. Дәл сол жерде делигация АҚШ президентімен кешкі ас ішіпті.
2020 жылдың 12 наурызында диагноз "COVID-19" коронавирус инфекциясы диагнозы бразилиялық делегация мүшелерінің бірінен анықталды. Оның есімі - Фабиу Вайнгартен деп жазады Bloomberg.
Осы орайда БАҚ-та бразилиялық делегация мен Ақ үй басшысы және вице-президент Майк Пенсо ауруды жұқтырған болуы мүмкін деген күмән пайда болды.
Бразилия басшысы қол астындағы қызметкері жайлы білген соң, өзінің іскерлік сапарларын кейінге қалдырып, қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.
Трамп керісінше, сабырлық сақтап, сынақ тапсырудан бас тартып отыр.
Басылым Вашингтон өкілдерінің ресми хабарларына сілтеме жасап, АҚШ президенті мен вице-президентінің ауру жұқтырған бразилиялық шенеунікпен аса жақын байланыста болмағанын, сол себепті де Трамп пен Пенстің өзін жақсы сезінетінін атап өтті.
Еске сала кетсек, 11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.
13 наурыз 2020 ж. 2 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031