» » Айдай Исаева үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін "Қалаулым сен" эфирінде айтты (видео)

Айдай Исаева үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін "Қалаулым сен" эфирінде айтты (видео)

"Қазақстан аруы-2013" жеңімпазы Айдай Исаева жақында үшінші мәрте ана атанбақ. Сұлулық байқауларының арқасында қалың көпшілікке танылған модель бұл қуанышты жаңалығын тікелей эфир кезінде жария етті. Ол аяғы ауыр болғандықтан өзі тізгіндеп келе жатқан бағдарламаны келер маусымда жүргізе алмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 Айдай Исаева алдағы уақытта тағы да балалы болатынын атышулы "Қалаулым сен" жобасының түсірілімі кезінде хабарлады. "Қазақстан аруы-2013" осымен үшінші перзентін дүниеге әкелмек. Жолдасы екеуі бүгінде бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.
"Жаратушының аманат еткен жаңалығыммен бөлісуге тура келді. Тілектеріңізге үлкен рақмет! Аллаға мыңда шүкір! Бақытымыз баянды, ғұмырымыз маңызды болсын ин ша Алла! Әумин" , - деп жазды тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында.
"Құтты болсын", "Дені сау, жасы ұзақ салиқалы ұрпақ нәсіп етсін" , "Өте керемет жансыз, аман-есен босанып алыңыз" , "Қандай жақсы жаңалық, көбейе беріңіздер" , - деп жазуда көпшілік.Желі қолданушылары бірден Айдай Исаеваға өз құттықтауын жаудырып, ақ тілегін жарыса білдірген. 
 
Айта кетейік, Айдай Исаева "Қалаулым сен" бағдарламасының үшінші маусымын жүргізіп келеді. Оған дейін бұл орында оның жақын құрбысы Аша Матай болған.

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031