» » Меккеге жүз рет барған қажы 12 адамды алдап кеткен (видео)

Меккеге жүз рет барған қажы 12 адамды алдап кеткен (видео)

Биылғы 6 қаңтарда «Нұр-Қазақстан» компаниясымен қажылық сапарға барған бір топ алматылық азамат Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан компания лицензиясын алып тастауға ықпал етуін сұрады. Олардың сөзінше, компания директоры Амангелді қажы Әбдіхалық қажылыққа баратын қазақстандықтардың қалтасын қағып, алаяқтық жолмен азаматтардан артық ақша алып отыр, деп жазады ernur.kz ақпараттық порталы Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.
«Әбдіхалықтың айтқандарына алданып қалдық» деген 12 азаматтың сөзінше, «Нұр-Қазақстан» компаниясымен қажылық сапарға бару үшін олардың әрқайсы компанияға 1700 АҚШ долларынан төлеген. Ал Әбдіхалық сол ақшаға оларды 12 күндік қажылыққа апаруды уәде етіп, айтқан сөзінде тұрмапты. Сонымен, Алматы әуежайынан Дубайға ұшқан азаматтар Әбдіхалықтың тапсыруы бойынша, кеден қызметкерлеріне қажылыққа емес, тек «Дубайға саяхаттап барамыз» деп өтірік айтқан. Олардың сөзінше, Амангелді қажы: «Егер сендерден кеденде шекарашылар сұраса, Дубайға барамыз деп айтыңдар, Меккеге демеңдер», - депті. Ал олар Әбдіхалық ашқызып берген визалары туристік емес екенін кейін бір-ақ білген. Айтуларынша, виза аштыру үшін де әрқайсысы «Нұр-Қазақстан» компаниясының директоры Амангелді қажы Әбдіхалыққа 150 АҚШ долларынан төлепті. Осылайша Алматыдан қажылыққа аттанғандардың бірі Жұмахан Лестің айтуынша, Медине қаласында аялдаған қонақ үйлері алдын ала уәде етілгендей төрт жұлдызды емес, ескі һәм жағымсыз иісі бар болып шыққан. Сондай-ақ, олар Амангелді Әбдіхалық сапар барысында өздерімен үш-ақ күн бірге болғанын айтады.
«Мединеде жүрген кезде бізді тастап, «Елбасының жиналысына мен қатыспасам болмайды. Елбасы мені жиналысқа шақырып жатыр» деген сылтаумен қаңтардың 9-ы күні Қазақстанға ұшып кетті. Ол кісі расымен Елбасының шақыртуымен бе, әлде, басқа мақсатпен ұшып кетті ме, ол жағын білмедік. Әйтеуір, бірнеше күннен кейін тағы бір топ азаматты қажылыққа алып келіпті», – дейді олар.
Әбдіхалықтың «ақшасы түгел төлініп қойды» деген қонақ үйіне пұшайман болып қайта оралған 12 азамат ол жақта өз аттарына ешқандай бөлме тіркелмегенін, олар үшін қонақ үйдегі ешқандай бөлмеге ақша төленбегенін білген. Сол сәттен бастап Әбдіхалықтың сөзіне сенуден қалған олар ары қарай қажылық сапарды өз беттерінше жалғастырған.
«Біз басында Ислам дініндегі бес парыздың бірі – қажылығымызды орындау үшін қасиетті жерге барып, анау ұнамады, мынауы дұрыс емес екен деп айтқымыз келмеген. Алайда, ойлана келе, егер біздің орнымызда жасы үлкен ата-апалар осы компаниямен қажылыққа барса, күні не болмақ деген ойға келіп, бұл компанияның былықтарын әшкерелеп отырмыз. Біздің мақсат – халықтың көзін ашу», – дейді алматылықтар.
Ал adyrna.kz порталына берген сұхбатында Амангелді Әбдіхалық қазақстандықтарды қажылыққа апаруда 20 жылдық тәжірибесі бар екенін және осы уақытқа дейін 16 мыңнан астам адамды қажылыққа апарғанын айтқан. Еске сала кетсек, оның өткен жылы күзде «Аллаға шүкір» және «Шүкір» деген атаумен ұлан-асыр той жасағаны мәлім. Сол сәтте ол бұл тойды 100 рет қажылыққа барғанына шүкір ету мақсатында өткізген-ді. Кейін ол тойдың видеолары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның өткір сынына ұшыраған. Көптеген желі қолданушылар «Исламда ысырапқа жол жоқ. Бұл – барып тұрған ысырап» деген пікір жазған.

03 ақпан 2020 ж. 2 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031