» » Иесіз қалған үй тұрғындардың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

Иесіз қалған үй тұрғындардың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

Атырауда қаңырап бос қалған үйден адамдар зәре-құты қалмай қорқып отыр. Себебі тұрғылықты мекенжайы жоқ көше кезбелері әлгі үйді паналап алған. Қазіргі таңда түрі де қорқынышты тұрғын үй апатты жағдайда. Сүрілуі тиіс болған 5 қабатты жатақхана Атыраудағы Құнанбаев көшесінде орналасқан. Ол үйдің тұрғындары былтыр желтоқсан айында басқа баспанаға көшірілген, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, АTP Press-қа сілтеме жасап.
Бүгінде жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезбелердің сүйікті мекеніне айналған бұл ғимарат елдің қорқынышын туғызуда.
Әлеуметтік желіде сол ғимарат туралы видеоролик тараған. Бейнероликтің авторы ғимараттың жастар мен "бомждар" жиналатын жер болып кеткенін алға тартты. Терезелерден тротуарға ескі сантехника тасталынып жатады. Ауласында ашық құдықтар көп. Қайғылы оқиғаның болғанын күтіп отырған шығар", - дейді видео авторы.
Ал ғимаратқа үйлері жақын орналасқан тұрғындар болса, ол жерде түнде әлдекімдердің от жағатынын айтып шағымданған. Тұрғындардың уәжін елеусіз қалдырмаған Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлері видеоны көріп, үй сүрілгенше оған кіретін жолдарды жауап тастаймыз деп уәде берген екен.


05 қаңтар 2020 ж. 1 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 157
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031