» » «Әминді» дауыстап айтқан азаматқа жарты миллион айыппұл салынды

«Әминді» дауыстап айтқан азаматқа жарты миллион айыппұл салынды

Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза арқалаған С.Досмұханов мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған.
Атырау қаласында үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған Салауат Досмұхановқа  505 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  kazislam.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза қолданылған С.Досмұханов мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған. Яғни, биылғы 28 қыркүйек күні  20 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінінің тәртібіне бағынбай, «Құптан» намазы үстінде имамның ғибадат ету тәртібін сақтауға шақырған сөзін тыңдамай, оған қарсы шығып, «Әмин» сөзін дауыстап айтқан.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, мешітке келушілер Ханафи мазхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті екенін біле тұра, азамат намазға ұйыған мешіт жамағатының тыныштығын бұзған. Намазда имамның артында бірінші қатарда тұрып «Әмин» сөзін дауыстап айтқан С.Досмұханов  өзіне ескерту жасаған мешіт қызметкерлеріне дөрекі мінез көрсетіп, айқайлап сөйлеп, олармен жағаласып, алысқан.
Сот отырысында С.Досмұхановтың кінәсі мешіттің бейнежазбасы арқылы және  сол намаз кезінде жанында тұрған адамдардың куә болуымен толығымен анықталды. Куә болғандар оның мешіттің ішкі тәртібін үнемі осылай бұзатынын айтты.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Салауат Досмұхановты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасау бойынша кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 505000 (бес жүз бес мың) теңге әкімшілік айыппұл салуға шешім шығарды.
03 желтоқсан 2019 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031