» » Төсегі қан-қан: Адам жегіш дәрігердің қорқынышты қылмысы туралы көршілері айтып берді

Төсегі қан-қан: Адам жегіш дәрігердің қорқынышты қылмысы туралы көршілері айтып берді

Ресейде психиатриалық диспансерде ұзақ жыл емделіп, Челябинск қаласындағы № 11 ауруханаға жұмысқа тұрған Борис Кондрашиннің көршілері "дәрігер" 1998 жылы жасаған сұмдық қылмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Лайф" басылымы.
"Ол адамға екпе салып өлтірген, кейін мәйітін бөлшектепті. Үйіміз кірпіш болғандықтан, дауыстар онша естілмейді, — дейді Кондрашиннің көршісі Нина Григорова. — Содан соң формалинде адамның қолы, көзі табылды".
Әйелдің сөзіне сүйенсек, жантүршігерлік қылмыс жасаған жігіттің медициналық мекемеге жұмысқа тұрғанын естіген көршілері жағасын ұстап отыр екен.
"Сол сұмдық жайттан кейін біз куәгер болдық. Төсегінің астынан табылған жыртық жейде, жатын орны – түгел қан-қан. Балконнан халаты мен құралдары шықты. Құралдарын жуып қойыпты", — деп еске алды тағы бір көршісі Татьяна Трошенская.
Кондрашин жұмысқа тұрған аурухана бас дәрігерінің орынбасары Веста Титова басылымға хабарлағандай, қызметкерлердің ешқайсысы ер адамның бұрынғы өмірі жайында білмепті.
"Қарапайым кісі. Ешбір агрессия байқамадық", — деді ол.
Кондрашин жұмысқа тұрған кезде білімі туралы құжаттары тексеруге жіберіліпті, жалған екені анықталған соң құқық қорғау органдарына жөнелтілген.
Кейінірек белгілі болғандай, ер адамның ақыл-есі дұрыс емес болып шықты. Он алты жасында өз құрдасын өлтіріп, вампирмін деп қанын ішкен екен.
Челябинск қаласының денсаулық сақтау басқармасы Кондрашиннің қалай жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ер адам барлық құжаттарды тапсырған, тек еңбек кітапшасы жоғалып қалды деген соң, жаңадан бастапты. Негізінде Кондрашин ешқашан жұмыс істемеген болатын, ұзақ жыл психиатриялық диспансерде емделген.


01 қазан 2019 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031