Мәслихаттар сайлауы
» » Түркістандағы жарылыс: Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Түркістандағы жарылыс: Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Түркістан қаласындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында болған жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, өрттің шығуына газ цистернасының жарылуы себеп болған.
"Бекзат Саттарханов көшесіндегі қонақ үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 18:05-те келіп түскен. Оқиға орнына келген кезде қонақ үйдің шатыры жалындап, ғимараттың бірінші қабатының оң жақ беті жанып жатқаны анықталды.Сонымен қатар, қонақ үйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру кезінде газ тасымалдайтын автокөліктің жарылғаны мәлім болды. Өртті сөндіруге 17 техника мен 75 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза болғандар анықталған жоқ", - дейді Нұрғали Жүнісов.
Сондай-ақ, ведомство басшысы бірнеше адамның күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
Оқиғаға байланысты қосымша ақпарат кейінірек берілмек.
Әзірге белгілі болғандай, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан.
Сәл кейінірек ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім еткендей, жалынның таралуы 20:00-де тоқтатылып, 20:15-те тілсіз жау толығымен ауыздықталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістандағы қонақ үй аумағында жарылыс соңы өртке ұласқанын хабарлаған болатынбыз.
11 қыркүйек 2019 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30