
Тәуелсіздік туралы түйсік (өлең)
Күрең күзде қалса да құмай күнім, Шарла менің шабытым жыр айдынын. Жыл айналып желтоқсан жеткен кезде Тәуелсіздік туралы сұрайды ұлым. Ұғынсам да ұғымын бір адамдай, Ой он саққа бөлінсін мұнарамдай. Тәуелсіздік дейсің бе? Ал, толқиын, Қапелімде сөз сөлін шығара алмай. Қайыстырар жүгіндей қара нардың, Қарғам,...




















