» » Қарыз алу дұрыс па?

Қарыз алу дұрыс па?

Қарыз – біреуге үстемесіз, қайтарымымен берілетін материалды көмек. Шариғат бойынша, ол рұқсат етілген игі іс.Қайырымдылық пен садақа Аллаға қарыз болып есептеледі. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Біреуге қарыз бергені үшін ол адамға берген қарызынан да артық сый беріледі» - деген.
Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) жұмақтың есігінен: «Садақаға 10 есе көп сый беріледі, қарызға – 18 есе» дегенді оқып Жәбірейілден (ғ.с.) мұның мағынасын сұрайды. Ол: «Адам өзінде бар бола тұра, сол нәрсені өзгеден сұрай алады, ал тек мұқтаж болғанда ғана қарыз береді» - дейді.
Мұсылмандарға бір-бірінен қарыз сұрауына болады, ал бергені дұрыс. Бірақ қарыз беруші қарыз алушының ол ақшаны теріс істерге (құмар ойындары, ішімдік және т.б.) жұмсайтынын біле тұра, қарыз берсе – харам. Сондықтан қарызды мұқтаж жандарға, отбасын асырауға, т.с.с. жақсы істерге беру керек.
Қарыз алушы адам оны қайтара алатындай болуы тиіс. Ақыл-есі кем, кәмелетке толмағандар мен балаларға қарыз беруге де, алуға да болмайды.
Сондай-ақ, қарызға беріліп жатқан нәрсенің (ақша, егін, көлік т.б. құнды заттар) құны мен мөлшерін нақты білген дұрыс. Қайтарарда дәл сол мөлшерде (кем қылмай), келісілген уақытта беру керек.
Ал үстіне өсім қосып, пайызымен қарыз беруге де, алуға да тыйым салынған.
Қарыз берушіге қарыздан бөлек, қалауыңыз бойынша қосымша сыйлық беруге болады (рақмет ретінде). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» - деген.
Хадистердің бірінде қиямет күні адамның күнәлары кешірілуі мүмкін, алайда қарыздары кешірілмейді делінген.
Егерде адамның қарызды қайтаруға жағдайы жоқ болса, шамасы келмесе, ол қарызды кешкен жөн. Себебі қарыз беру – сауапты іс болып саналады.
18 тамыз 2019 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031