» » ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРЕДІ

ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРЕДІ

Елбасы үнемі жастарды қолдап, жастар сая­сатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Осы орайда биыл да "Жастар жылы" деп жарияланып, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға үлкен мүмкіндік берілуде. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шара қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін жүзеге асыруда. Осы бағытта түрлі мемлекеттік бағдарлама қолға алынып, жастар белсенділік танытуда.
Жосалы ауылдық округінде жастар жылына орай бірқатар жұмыс істелді. Жас­тарды дамытудағы өзекті мәселенің бірі – жұмыспен қамту. Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жұмыссыз 2 жас тіркеліп, 1-еуі жастар практикасына жіберілді. Ал 2 жас  қоғамдық жұмысқа тартылды. «Дәнекерлеу ісі» және «От жағу операторы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2 жас жолданды.
Ауыл әкімшілігінің заңгері, жастар ісі жөніндегі маман мен учаскелік полиция инспекторымен  бірлесіп  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сен құқығыңды бі­лесің бе?»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сымыз», «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында  іс-шара өтті. Мұнан бөлек, кәмелет жасқа толмаған жастардың түнгі уақытта бей-берекет жүрмеуі үшін ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, түнгі кезекшілік кестесіне сай рейдтер ұйымдастырылуда.
Кешкі уақытты тиімді пайдалануда аудандық жастар мәслихатының депутаты Айжарық Айбектің бастамасымен әр аптаның сенбісінде «Түнгі студия» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның басты мұраты – аудандағы бел­сенді жастар мен ауыл экономикасының дамуына үлесін қосып жүрген белсенділердің басын қосып, мағыналы кездесу өткізу.
Сонымен бірге өнерпаздан құралған «Ха-Ха» әзіл-оспақ театры құрылды. Ауылда алғаш жеке шығармашылық кешін өткізіп, концерт берді. Алдағы уақытта гастрольдік сапармен елді мекендерді араламақ.
Қазақ қашанда алдыңғы аға буынды құрметтеп,қолдан келген көмегін аямаған. Әдет­тен жаңылмай, «Ардағым – Ардагерім» атты жоба аясында 2 зейнеткерге көмек көрсетсе,1 жалғызбасты әкеге үйінің жөндеу жұмысына  жәрдемберді.   «Қамқорлық» акциясы аясында ауылдағы тұрмысы төмен 3 отбасыны азық-түлікпен қамтыды.
Қа­зір мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржыны еселеп құюда. Бірнеше арнайы бағдарлама қарастырылған. Мысалы мен 2018 жылы«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы ар­қылы«Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан «Жылқы өсіру» жобасы бойынша 2 млн теңге несие алдым. Қазіргі уақытта жылқы басын көбейтуді қолға алудамыз. Жастарға кәсіпте жан-жақтылық керек. Бір ғана жылқы  бағумен емес, сонымен қатар кешкі уақытта халық шоғырланатын орында тәтті мақта сатумен де айналысамын. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен мемлекеттік грантпен «Фотосалон» жобасы бойынша конкурсқа құжат өткізіп, жоба қорғадым. Нәтижесі алдағы уақыттың еншісінде, – дейді Айжарық Айбек.
Жастардың айтуынша, көңіл бөлсең кәсіп көп.
– Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы«Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан 2 млн теңге несиеге 18 бас мүйізді ірі қара малын сатып алдым. Сауын сиырдан анам мен жеңгем айран, құрт, ірімшік жасап сатса, ағам мен інім мал жайын қарауға қолғабыс береді. Жастарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, грантқа қатысуға шақырамын, – дейді жеке кәсіпкер Нұрхан Ерсұлтан.
– «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржы ұйымынан «Жылқы өсіру» жобасы бойынша 1,5 млн теңгеге 6 бас жылқы алып жұмыс істеудемін, – дейді жеке кәсіпкер Айдана Мырзағалиева.
– Дипломым болғанымен тұрақты жұ­мысым жоқ еді. Кіш­кентай кезімнен бастап бақша егумен айналысамын. Егіннің қыр-сырын жақсы игергенмін. Босқа қарап отырмай «Шабан ата» шаруа қожалығынан 2 га жер алып, бақша дақылын баптаудамын. Бақша өнімі тамыз айынан жеміс бере бастайды. Сол уақытта аудан орталығына және Байқоңыр, Төретам, Ақай елді мекеніне шығаруды жоспарлап отырмын. Ауылдың аты қауынмен шыққан соң жастар бақша егуге шебер. Сондықтан ауыл жастарының көбісі қосымша табыс көзі ретінде шаруа қожалығынан жер алып, бақша егеді, – дейді Олжас Әбдіраманов.       
Ауылдық округте  ауыл тұрғындарына және  жастарға арналған «Қайнар» атты аула клубы жұмыс істейді. Клубта волейбол, баскетбол, футбол секциясы бар.  Бұдан бөлек 14-18 жас аралығындағы мектепте оқитын жастарға түстен кейінгі мезгілде баскетбол үйірмесі жұмыс істейді. Осы үйірменің жұмысын жандандыру  мақсатында «Жастар жылына» ауылымызда баскетболдан аудандық жарыс өтті.
Қазақтың қазыналы ортасы – ауыл десек, оны гүлдендіріп, көркейту  жастардың қолында. Мұндай жұмыстар жалғасын таба бермек.

Руслан ҚОШАНТАЕВ,
Жосалы ауылдық округі
әкімдігінің әдіскері
31 шілде 2019 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 72
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031