» » ЖАҢАШЫЛДЫҚ ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ

Жуырда аудан әкімдігінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының арттыруы» атты жолдауындағы сот жүйесін одан әрі жетілдіру бөлігін орындау бағытын талқылау мақсатында көшпелі кездесу өтті. Кездесуге облыстық соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы, «Бітім» медиация орталығының директоры, аудандық сот судьясы, прокуратура, полиция бөлімі, кірістер басқармасының өкілдері, аудандық билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар, аудан бойынша ауыл әкімдері және аппарат басшылары мен бірқатар мамандар қатысты.
Шараның мақсаты – сот жүйесіндегі цифрландыру мен жаңашылдықтың негізгі бағыттарын, ақпараттық технологияларды дамыту мәселесі мен қолданыстағы заманауи технологиялардың пайдалану тәртіптерін түсіндіру.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сот жүйесіндегі үш мәселе бойынша уақыт регламентін белгілеп, сөз кезегін қонақтарға берді. Бірінші болып мінберге көтерілген Қызылорда облысы бойынша сот әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Мөлдір Асанова, Жолдаудағы сот жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесіне тоқталып, «Сот төрелігінің жеті түйіні» пилоттық жобалар аясындағы жаңашылдықты таныстырды.
– Өткен жылы Қызылорда облысы сотында татуластыру орталықтары, фронт офистер, медиация кабинеттері ашылып, «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Судья көмекшілері» пилоттық жобалары аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Аудандарда билер кеңесі құрылып, оларға татуласу орталығынан қызметтік бөлме ашылды. Ол жерде білікті заңгерлер халыққа тегін қызмет көрсетеді, – деді әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ақпараттық технологиялар мен ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов, сотта іске қосылған «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот процестеріне қатыса алатынын айтты. Оған «QR code» арқылы сот қызметіне бағытталған арнайы базалық топтаманы және Digital Agent қосымшаларына сот органдарының жұмысын бағалау енгізілгенін көрсетті.
Шара соңын өз баяндамасымен қорытындылаған судья Лаура Алибекова ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселесі бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2019 жылдың ақпанында күшіне енгенін мәлімдеді. Заң аясында 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 Кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға әрі экономика саласындағы қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған өзгеріс пен толықтыру енгізілгенін жеткізді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
06 маусым 2019 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930