» » ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында облыстық ақпараттық-насихаттық тобы ауданға да келіп жетті. Атаулы топ кент әкімдігінде «Тілдерді меңгерту – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізді. Шараға аудандық білім саласының қызметкерлері мен тіл мамандары қатысты.
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрайымы Құрман­күл Ерімбетова аталған ақпараттық-насихаттық топтың жұмысымен таныстырып, үштілділік бойынша ақпарат берді.
– Білім саласындағы үштілділік жүйесі – ел болашағының жарқын кепілі. Сон­дықтан бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Басты мақсат – оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне жағдай жасау. Қазірде оқушылар бәсекелестік ортада өзін қалай ұстау керегін біледі. Тілін, төл әдебиетін білуге ұмтылады. Мәселен, әдебиет сағатында Абай, Шәкәрім, Пушкин шығармаларын үштілде кіріктірілген сабақ негізінде жүргіземін. Осының нәтижесінде оқушылар еркін аударуға төселіп келеді, – дейді  №2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Тебегенова.
Шара барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығы» КММ директоры Нұрсәуле Мұсаева, С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Шалғымбаева, Н.Ахмадиева атындағы №112 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Шынар Адамбаевалар тіл мәселесі, үштілділік жайында баяндамалар жасады. Қатысушыларға әдістемелік құрал таратылды.
Семинар-тренинг соңында қа­тысушы мұғалімдер ризашылығын білдірді. Сонымен бірге үштілділікке қатысты жас мамандар керекті кеңес алып, түрлі тапсырмалар орындады. 
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
22 мамыр 2019 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031