ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ
![](/uploads/posts/2019-04/thumbs/1554813709_sh-tl-2.jpg)
– Білім саласындағы үштілділік жүйесі – ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Басты мақсат – оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне жағдай жасау. Қазірде оқушылар бәселестік ортада өзін қалай ұстау керегін біледі. Тілін, төл әдебиетін білуге ұмтылады. Мәселен, әдебиет сағатында Абай, Шәкәрім, Пушкин шығармаларын үштілде кіріктірілген сабақ негізінде жүргіземін. Осының нәтижесінде оқушылар еркін аударуға төселіп келеді, – дейді №2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Тебегенова.Шара барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығы» КММ директоры Нұрсәуле Мұсаева, С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Шалғымбаева, Н.Ахмадиева атындағы №112 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Шынар Адамбаевалар тіл мәселесі, үштілділік жайында баяндамалар жасады. Қатысушыларға әдістемелік құрал таратылды.
Семинар-тренинг соңында қатысушы мұғалімдер ризашылығын білдірді. Сонымен бірге үштілділікке қатысты жас мамандар керекті кеңес алып, түрлі тапсырмалар орындады. Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».