» » Сотқа дейін – татуласу

Сотқа дейін – татуласу


Қармақшы аудандық соты «Сотқа дейін – татуласу» орталығының жұмысын насихаттау мақсатында №183 мектеп ұжымымен кездесу өткізді
Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің мәжіліс залында «Сотқа дейін – татуласу» тақырыбында мекеме ұжымдарымен кездесу өтті.
Аталған іс-шараға аудандық сотының Е.Құтыбаев, кәсіби емес медиатор Ө.Өміртаев қатысты.
«Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың іс-әрекеттері туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз шешуге бағытталған, туындаған жанжалды реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Бітімгерлік рәсімдерді дамыту - бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі, орталықта азаматтар келіссөздер, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады,- деп атап өтті жиында сөз алған аудандық сот судьясы.
Сонымен қатар, 21 қаңтар 2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілгенін, бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және тағы да басқалары бұл соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылардан барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу болды.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
05 мамыр 2019 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031