» » ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткендер көбейіп барады. Сірә, жастардың дені жат ағымның бірлікке емес, бүлікке апаратынын біле бермесе керек. Осы орайда бейсенбіде кент әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті. Оған облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директорының орынбасары Аралбек Боранбаев және ауданның бірқатар сала мамандары қатысты. 
– Қазір рухани құндылығымыз бен салт-дәстүрден ажырап барамыз. Қазақтың ырым-тыйымының тәрбиелік мәнін де біле бермейміз. Діни білімсіздіктің салдарынан жат ағымның жетегіне кететіндер көп. Отбасындағы тәрбиеге баса мән берген жөн, – дейді Аралбек Боранбаев.
Дұрыс-ақ. Бүгінде отбасында баламен байланыс әлсіреген. Күнделікті күйбең жұмыспен баланың тәрбиесін екінші орынға ысырғалы қашан. Бала әңгімелесетін, ақылдасатын адамның болмағанынан сырттағы адамға ішкі сырын ақтарып отыр. Тіпті әлеуметтік желіге «көңіл-күйім жоқ», «мазам болмай отыр» деп бар жағдайды жайып салады. Міне, жат ағымның жетегіне кететіндердің дені осы әлеуметтік желінің арбауына түскендер. қазір не істеп, не жеп отырғаныңның бәрін әлеуметтік жүктейсің. Мұны сырт елден бақылап отыратындар да жетерлік. Осылайша баланы қадағалаусыз қалдырудамыз. Сондықтан ең әуелі баланың тәрбиесін басты назарға алуды ұсынды жиынға қатысушылар.  
 Жиын барысында «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың  2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарына түсіндірме жұмысы жүргізілді. Шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс білдірді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы.

26 сәуір 2019 ж. 1 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930