Конституция
» » ​МӘМС-тің МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

​МӘМС-тің МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қармақшы ауданының кент, ауылдық округтерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық насихаттық топ ауыл тұрғындарымен кездессті.
Топ құрамында денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарлы мамандары салық комитеті аймақтық департаменттерінің мамандары бар арнаулы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізіп, МӘМС-ті енгізуге байланысты ауыл тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейді.
МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.
Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылды.
22 сәуір 2019 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031