» » Біз есірткіге қарсымыз

Біз есірткіге қарсымыз

Қоғам болғасын бәрі болады. Әдеттегідей түскі астан шығып, жұмысқа келгенмін. Есік алдын бір бала торып жүр. Күннің қақаған суығына қарайтын түрі жоқ. Жақындап, жөнін сұрадым. Қолында жапырақ қағазы бар. Кіп-кішкене баланың мұндай мекемеге именбей келуі таңқалдырды. Мақаласын алып, оқып шықтым. Өз ойын ортаға салыпты. Қазіргі мектеп оқушылары мақала жазып, оны редакцияға жалғыз өзі әкелуі сирек жағдай ғой. Баланың батылдығына таңқалдық. Шатпағын да көп түзегеніміз жоқ. Ең жас оқырманымыздың мақаласын оқи отырыңыз...
Әрбір адамның екінші Отаны – өз отбасы.
Мен өзім өсіп-жетіліп жатқан отбасының үлкені атам мен әжемнің берген тәлім-тәрбиесін бойыма сіңіріп, ата-баба салған сара жолды таңдадым. Жоғарыда айтқандай, отбасы берекесі – ол бақытты жандар.
Бірақ, қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз жайттар осы ортасы айрандай ұйыған кейбір отбасының шырқын бұзып, олардың келешек өміріне кесірін тигізіп те жатыр.
Сондай адамзат баласы өміріне өзінің кесірін тигізіп жүрген кеселдің бірі – есірткі.
Есірткі қоғамды былғайтын дерт. Алайда, кейбір адамдар оны өміріне кері әсерін тигізетінін біле тұра, қолданатыны кімге болса әттеген-ай дегізеді. Есіртке қолдану­шы­лар келешек өмірін­де міндетті түрде ауруға ұшырап, арты өлімге әкелетінін білсе де, оған онша мән бермеуде. Қайта айналасына зәрін төгуге жұмыс істейді. Нашақорлық сынды әлемді шарпыған қоғам дерті бүгінде біздің елде тамырын жаюда.
Есірткеге еліткен жастарымыз бүгінде өз келе­шегіне балта шауып, өзінің ауруға ұшыра­ғанымен қоймай, өзгелерге де өнеге көрсетуде.
Десе де, Елбасының Үкіметтің, қамқорлығының арқасында бүгінде осы кеселге танылған жастарға арналған арнайы емдеу және қамқорлық меке­мелері тынбай жұмыс істеуде екен. Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан жастарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көптеген қамқорлығын көрсетіп, олардың сапалы білім алып, саналы өмір сүруіне барлық жағдайды жасауда.
Міне, сондай қамқорлықты көріп, бақытты өмір сүріп жатқандардың бірі – менмін. Білімді жас келешекте еліміздің тірегі, қамқоршысы болатынына сенемін. Біздің отбасы әрқашан елдің есін кетіретін есірткі сияқты қоғам дертіне қарсы.
Батырхан АЛТЫНБЕК,
№27 орта мектеп оқушысы.
22 ақпан 2019 ж. 2 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031