» » БҰЛ ҚҰМАРЛЫҚ ЕМЕС, ДЕРТ...

БҰЛ ҚҰМАРЛЫҚ ЕМЕС, ДЕРТ...

Қоғамымызда бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген жат әрекеттерге тоқтау табылмай тұр. Солардың бірі – ата-бабамыздың түсінігінде болмаған, болмысына жат қылық – педофилизм. Мұндай дертке шалдыққан делқұлылардың кесірінен бүгінде әлем бойынша қаншама баланың тағдыры тас-талқан болуда.


Адамның педофилияға шалдығу себебін әркім өзінше топшылайды. Мәселен психолог Венера Телжан: «Біріншіден, анасының жүкті болған кезінде есірткі мен темекіге, алкогольге қызығушылығы болуынан пайда болуы мүмкін. Өйткені, анасы жүкті болған кезде мишыққа зиян келеді де баланың кейбір нейрондары бұзылып, ми қабының өзгерісінен ауруға ұшырайды. Сонымен қатар, азғындардың ерте жастан сексуалды қысым көруінен, кей жағдайда өзінің психотравма алуынан болады. Себебі, балалар жас кезінде үлкен адамдардың сексуалды қарым-қатынасын көріп өсуі мүмкін» десе, екінші психолог Анна Құдиярова: «Педофилия – психикалық ауытқушылық, психикалық ауру. Дегенмен, әрбір аурудың емі бар. Оларды маньяк деуге болмайды. Жыныстық маньяк деген мүлдем басқа ауру. Маньяк ұл ма, қыз ба, кәрі ме, жас па талғамайды. Ал, педофилдердің маньяктан айырмашылығы – олар жас баланың тәніне құмар. Ұл болса да, қыз болса да әйтеуір баланың тәні болуы керек. Түбін қазбалап, ары іздейтін болсақ, ол эмоциялық тәуелділік. Эмоциялық тәуелділікті психолог мамандардың сөзімен емдеуге болады. Егер ол «Менің бойымда педофилия бар, мен оны сезіп жүрмін» деп дәрігерге өз еркімен ем алуға келетін болса, неге оларды емдемеске? Ондай дертке шалдыққан науқасқа уақытында дәрі-дермек беру керек. Тіпті, оған сөзбен емдеу тәсілін қолданған да жөн. Ондайлардың сана-сезімін қайта құруға болады», – дейді.
«Біз әрдайым дамыған елдер қатарына кіруіміз керек деп-ақ жатамыз, бірақ ең басты шарт – ұлттық кодымызды» сақтай білген жөн шығар. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаң­ғырыққа айналуы оп-оңай», – деді емес пе Елбасы. Ұлттық код – ең алдымен, тілде, содан кейін дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ұлт мәдениетінде, ата-бабамыздың ұрпақ­тарына аманаттап кеткен тәрбие­сінде. Өткен тарихымызда мін жоқ. Қазақ атам ұрпағының бойына ізгілік пен қара­пайым­дылықты сіңіре отырып, намыс пен рухшылдыққа тәрбиелеген.
Алайда, аузынан ана сүті кетпеген бүлдіршіндеріміздің өміріне балта шауып жатқан делқұлылардың ісін ешкім жоққа шығара алмайды. Мейлі, мұны ауы­ру дейміз бе, әлде басқа дейміз бе мұнан құтқарар жол тек – ұлттық кодымызды сақтай отырып, ұлттық рухымызда мәңгі қалу.

А.ТҰҢҒЫШБАЕВА,
педагог-психолог.
15 ақпан 2019 ж. 1 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031