» » КӨРШІҢІЗБЕН қандайсыз?

КӨРШІҢІЗБЕН қандайсыз?

Бала күнімде Роза есімді өзбек қызымен қатар өстім. Алашапанды ағайынның үйімен біздің үй қатар тұрды. Ортада есік бар. Әрқашан ашық тұратын.  Тіпті, туыстардай жақын араластық. Пісірген тәтті, ұлттық тағамдарынан әкеліп, дәм татқызады. Біз де дәл солай. Бір қызығы бұл отбасы өзбекше сөйлей алмайтын. Қатар тұрған көршілермен тек қазақ тілінде ғана емен-жарқын араласатын. Қуанышымызда да, мұңайғанымызда да осы көршімен бірге болдық. Иә, бұл жазылған жайдың жалғасы құдайы көршілерге арналмақ.
«Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көршің артық» деген қазекем көршісін қадір­­­лей білген. Осындайда үлкендеріміздің көрші­лерімен қалай араласқаны еріксіз ойға оралады. Қазір дәл мұндай жылулық, мейірімділік жоқ шығар, сірә?! Іштен әттең дейміз... Кейде Мөңке би айтқан «Бір-біріне қарыз бермейді, шақырмаса, көрші көршіге кірмейді» деген сөзі рас па дерсің. Қош. Ауыл адамдары бір-бірімен туыстай екеніне күмәніміз жоқ. Көршіге кеңпейілмен қарау тек ауылға ғана тән секілді. Ал, қалада мүлдем басқа. Әркім өзімен-өзі. Бес қабатты пәтерде төрт жыл тұрып бірде бір көршіні тани алмадым. Жасыратыны жоқ. Жұмада жеті шелпек пісіріп таратайын десең, кәдімгідей «мұң». Қорқынышты көзімен қарайтындай. Ауылға қайт­тық. Бұл жақта мүлдем бөлек. Күнделікті үйге келген көршілер. Шәй ішіп, шүйір­келесіп әңгіме айтқан үлкендер. Қысқасы, нағыз татулық пен берекенің иісі аңқитындай.
«Көрші ақысы – тәңір ақысы» дейді ата-бабамыз. Жаңадан көшіп келген үйге қоныс тойын өткізуде де қазақ халқы көрші-қолаңмен танысып-білісуді мақсат тұтқан. Жаңа көршіні ерулікке шақыру да содан туса керек. Көрші туралы қасиетті Құранда былай дейді: «Аллаға құлшылық қы­лыңдар. Оған ешкімді се­рік қоспаңдар. Әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жол­дасыңа, қаражаты тау­сылған жолаушыларға, қол­­дарыңа қара­ғандарға (қыз­­­мет­шілерге) жақсылық жа­саң­дар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көр­мейді» («Ниса» сүресі, 36-аят).
Осындайда ойды ой қозғайды. Мына ғибратты әңгіме есімізге түсті.
Имам ағзам Әбу Хани­фаның маскүнем бір көршісі болыпты. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығарып, түнімен ұйқтамай ел-жұрттың да, имамның да мазасын алған екен. Сол көршісі бірде абақтыға қа­ма­лады. Имам болған мән-жайға қаныққан соң, қаланың әкіміне жолығып, көршісін боса­тып алыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, өзінің бұл қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге босатып әуреледіңіз?» – деп сұрапты. Сонда имам ағзам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті. Мұны санасына сіңірген әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі.
Иә, көрші – қонысы ортақ, етене араласатын, аман-саулық сұрасатын кісілеріміз. Қазақ халқы «көршіні Құдай қосады» дейді. Ал, сіз көршіңізді танисыз ба?  

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 ақпан 2019 ж. 1 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031