» » » СӨЗ МӘНІНЕ МӘН БЕРІП ЖҮРМІЗ БЕ?

СӨЗ МӘНІНЕ МӘН БЕРІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі болады. Соның бірі – қазақ халқының сөйлеу мәнері ешбір ұлтқа ұқсамайды. «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады», деп һакім Абай айтқандай, қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасымен өскелең ұрпақты сусындатуда тарихи тұлғалардың еңбегі орасан. Бұл тұрғыда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би мен әдет-ғұрып заң жинағын шығаруға үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің орны бір бөлек.
Бірауыз сөзге тоқтаған қазекем қай мәселені де шешендік тілмен шешіп, оның тобықтай түйінін берген. «Бір үйдің баласы болма, бір елдің баласы бол», «Іштен шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын, шанышқыланса сөз қиын, жазылмаса дерт қиын» деген аталы сөздің қалуы тегін емес. Бүгінгі мақаламыз сөзге, нақтысы сөздің мәніне арналмақ. Маржандай тізілген сөз моншағын шанышқылағаны былай тұрсын, тізбегінен үзіп алып жатқан жоқпыз ба?
Үміт пен күдікті бірге ұялататындай бұл сауал. Үмітіміз – қазақ халқы бар жерде қазақ тілі мәңгі жасамақ. Әйтсе де, осылай екен деп отыра беруге тағы болмас. Өйткені, қазір қалай болса солай сөйлеу тенденциясы белең алып барады. Сөздің турасына көшсек. Қазақтың тойы – қазынасы. Біздің өңірде тойға 100-ден 500-ге дейін қонақ шақырылады. Той болған соң тілек айтылады. Абыр-сабырда тілекті біреу тыңдаса, енді бірінің құлақ асып жатқаны да шамалы. Тілек айтылғанда міндетті түрде той иесіне: «... толған торқалы тойыңыз құтты болсын» деп жатады. Сөздің төркінін түсінбей ме немесе тілек айтсақ болды дей ме, әйтеуір жастыққа тимес жарғақ құлағымыз «торқалы» деген сөзден жауыр болғандай. «Торқа» – адамның топырақ тойы. Мәйіт топыраққа енген соң бір жылдан кейін артында қалған бала-шағасының беретін құдайы жолы. Ал, төрт көзі түгел, шаттық пен қуаныштың кешінде тұрған той иесіне топырақ тілеп жатқанымызды қалай сезбейміз? Сөздің мәніне мән бермегеніміз – қандай қателікке ұрындырып жатқанын ешкім аңғармайды. Сол сияқты, Елбасының өзі талай мәрте: «саламатты өмір салты» деп айтып жүрсе де, біз «салауатты өмір салты» дегеннен танбай келеміз. Саламатты – гүлденген, көркейген деген мағынаны білдірмеуші ме еді. Ал, салауат айту – өткенге шүкірлік ету емес пе? Қазір еліміз бойынша өзекті мәселенің бірі – ажырасу болып тұр. Өкпелескенді татуластырып, сотқа дейінгі медиатор жұмысының жандануына күш салып жатқанда кей ана: «Ішіме сыйған бала, сыртыма да сыяды» деп онсыз да ушығып тұрған мәселеге май құятыны бар. Бұл мақалдың санамызға сіңіп кеткені соншалық – құдды бір ұранға айналғандай екінің бірі қайталайды-ақ. Осы – үлгі алар мақал ма?
Әсілінде ауыз өзімдікі деген дұрыс шығар, дегенмен «Отыз екі тістен шыққан сөздің отыз екі рулы елге тарайтынын ұмытпағанымыз жөн болар. Ауыздан шыққан әр сөзге мән берсек. Себебі, бірауыз сөздің қадір-қасиетін қазақтай түсінетін ұлт кемде-кем. Нарық заманы деп шаршап-шалдықпай, ата-бабамыздың салып берген сара жолымен жүрсек, тіліміздің шырайы кіріп, өңі жарқырайтыны анық. Қымбатты оқырман, сіз өз сөзіңізге мән беріп жүрсіз бе?
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК

17 қыркүйек 2018 ж. 2 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031