» » Ақылы білім берудің ақыры қандай?

Ақылы білім берудің ақыры қандай?

...Теңсіздік жоқ дейді кейбірі. Балабақша ақылы, орта білімді де ақылы алуға болады, жоғары оқу орнын айтпаса да белгілі. Оған қоса, мектеп ошақтарында ашылған ақылы топтар тағы бар. Қалта көтермейді, жәрдемақы, айлық табыс аз. Мемлекет қол ұшын созбайды... Иә, кейде тым артық кетіп жатамыз. Бізде барлығын мемлекетке ысыра салу басым. Баланы өмірге мемлекет үшін әкелдік пе сонда? Мәселе мынада. Ақылы білім беру ошақтары көбейді. Қалтасы томпайғандар қанша болса да баласы үшін АҚЫ төлеуге даяр. Ал, қалтасы сын көтермейтіндер көштен қалғаны. Бірақ, нарықтың талабы сол. Тыраштан. Еңбек ет.
Шетелде баланың білім алуы үшін ақы төлейді. Басқа да білікті мектептерге емтихан тапсыртып, білімін кеңейтуге жол сілтейді. Жұмыс істеу үшін, күні-түні тынбай тірлік етеді. Қолында тың идеясы бар. Кез келген компанияға барып жобасын ұсынады. Жобасын ұтып, кәсібін өрістетеді. Олар бір орында тұрып қалған емес. Тек табыстың көзін көрсе, оны оңтайлы пайдалануға білек сыбана кіріседі. Ол ол ма? Әлгінде қаузаған киберспорт ойынын үйрету үшін де білім беру ошақтары ашылған. Ақылы оқытады. Бала білімін алған соң оны екі еселеп қайтаратын деңгейде әрі қарай әрекет етеді. Ал, бізде ше? Бізде жұмыссыз жүрген жандар көп. Сұрасаң «жұмыс жоқ» дейді. Мемлекет тауып бермейді. Тауып берсе жалақысы аз деп тағы бұлқынады. Біздегі қалыптасқан ой «мемлекет көмектеспейдімен» шектеліп қалған. Қош. Тақырыпқа оралайық. Білім беру ордалары неге ақылы? Оның ақыры қандай болмақ? Қазақ­стандағы ең табысты мектептер көшін Haіleybury Almaty бастайды екен. Жылдық табысы шамамен 15 миллион долларды құрайды. Үздіктер рейтингісіндегі келесі орын осы мектептің Астанадағы филиалына тиесілі. УЕФА стандарттарына сай футбол алаңы бар Haіleybury Astana мектебінде тәлім алудың айлық төлемі – 400 мың теңгеге жуық. «Мирас» халықаралық мектебінің де құны қалтаны қағады. Ал, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры қалаған білім ордасының жылдық төлемақысын айтпасақ та ұғынып отқан шығарсыз?! Неге қымбат дерсіз? Мұнда білікті мамандар дәріс береді. «Алма піс, аузыма түс» деп жатқаны жоқ. Білікті ІТ маманы да, аниматорлар да, әлемдік деңгейдегі жетістікке жеткен жеңімпаздар да осы білім ошағынан шығуда. Әрине, қарапайым мектепте мұндай жоқ деуден аулақпыз. Алайда, ақылы қосымша білім алу баланың біліктілігін арттыратыны белгілі. «Тегін» дүниені де оңтайлы пайдалана алмай отырған жайымыз бар. Мәселен, аудандық жастар үйінде өткен жылы тегін ағылшын курсы өтті. Курсқа қатысушылар саны саусақпен санарлық. Адам азайған соң, жұмысы да тоқтады. Егер сол курстың өзімізге шын керегі болса ақысына қарамай-ақ біліп алуға тырысамыз. Бұл кезде жалқаулықты ұмытамыз. Неге? Себебі ақысын төлеп отырмыз.
Таңдай қақтырған талай мектептермен етене таныс болып та үлгердік. Мұны оқып, бағасынан шошымаңыз. Білікті маман, тіпті президент немесе саясаткер тәрбиелеген мыңдаған тегін мектептердің бар екенін де есіңізге саламыз. Ал, баласының болашағы үшін бағасына көз жұма қарайтындарды да қолпаштадық. Білімін кеңейтемін деген балаға бұл да берілген мүмкіндік шығар?!

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
28 қаңтар 2019 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 243

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 345

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930