» » ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫҢЫЗДЫ ТІРКЕДІҢІЗ БЕ?

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫҢЫЗДЫ ТІРКЕДІҢІЗ БЕ?

Жарғақ құлағы жастыққа тимейтін журналист қауымның жаңа жылға дейін жарыса жазған тақырыбының бірі – ұялы телефонды тіркеу жайында болды. Тақырып қозғала бастағанда, әртүрлі пікір мен көзқарастың болғаны да рас. Өйткені, жаңа жыл түнінде адамдар бір-бірімен байланыса алмай қала ма деген де қауесет жүрген-ді.

Күткен мереке де келіп, жаңа жыл түнінде байланыс үзілген жоқ. Ел тұрғындары бұрынғыша бір-біріне тілегін жеткізіп, лебізін білдірді. Осыған дейін көптің талқысына түскен айтулы мәселеге де нүкте қойылып, үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап ұялы байланыс пайдаланушыларының або­­ненттік құрылғылары міндетті тіркеу ережесі күшіне енді. Сонымен, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы аясында жүзеге аспақ жобаның мақсат-міндеті қандай? Бұл тұрғындарға не бермек? Тиімділігі қандай?
Бірінші, оның маңыздылығына тоқталсақ. Елімізде белең алатын қылмыстың дені, нақты айтқанда, телефон ұрлығымен байланысты екен. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, телефонды тіркеу арқылы қылмыстың алдын алуға, сондай-ақ оны болдырмауға септігі көп. Қалтафондағы сим картасын алып тастайды, иә болмаса сатып пайда қылады. Ал, тіркелген телефонның артықшылығы, ол бөтен адамның сим картасын оқымайды. Демек, бұл жағдайда телефон жарамсыз болып, қылмысқа бөгет болады. Түптеп келгенде, ұрланған телефонды ұры да, оны сатып алушы да кәдеге асыра алмайды. Міне, тіркеудің бір пайдасы. Елбасы тапсырмасына сәйкес, елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағытының бірі интернетке қолжетімділікті арттыру. Қазақстан Рес­публикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың хабарлауынша, 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықпен интернетке 2 миллионнан астам халқы бар мың жарымға жуық елді мекен қосылмақ. «Өткен жылдың екінші жартыжылында халықтың цифрлық сауатын арттыруда бірқатар жұмыстар істелген. Алдағы мерзімде 8 миллион қазақстандықтың цифрлық сауатын күшейту жоспарлануда. Өткен жылы «Электронды портал» жүйесімен 10 миллионнан аса қызмет көрсетілген. Операторлар тиімділігіне қарай, абоненттерге бірнеше тіркеу түрін ұсынуда. «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы ЖСН-ді жіберіп тіркелуге болады. Бұған қоса, Qiwi терминал арқылы да жағдай да жасалған. «Теле-2» операторы 2 кезеңде жүргізеді. Kcell компаниясы арқылы тіркелген абоненттер ЖСН-ін SMS арқылы 6006 қысқа нөміріне жіберсе болғаны. Тіркеу байланыс операторларымен жүргізіледі. Сонымен қоса, SMS-хабарлама арқылы тіркеуге де мүмкіндік бар», – деді министр.
Тіркеу жұмысы біздің өңірде де жүйелі атқарылуда. Әсіресе, жаңа жылдық мерекеде операторға тіркеуге келген абоненттердің қарасы көп болды.
– Еліміздегі әрбір телефон қол­данушы смартфонын бірыңғай базаға міндетті түрде тіркеуі керек. Тіркеуде ұялы телефонның IMEI-кодынан бастап, телефон иесі жайлы мәліметтер жазылады. Атап айтқанда, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі басты назарға алынады. Телефон жыл соңына дейін қолданушының өз атында болуы қажет. Біз жыл көлемінде сапалы жұмыс істеуге дайынбыз, бастысы тіркеу ақысыз, – дейді сала маманы Нұрсұлтан Ержанов.

Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
08 қаңтар 2019 ж. 1 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031