» » ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ


Енді күн суытып аязды күндер көбейе түседі. Кей кездері күннің суықтығын біле тұра қарапайым сақтық ережелерін сақтамай қиын жақтайларға тап болатын кездерде болады. Сол себепті төменде ұсынылған сақтық шараларын ұстаныңыз.
Егер автокөлікпен алыс, жақын сапарларға шығатын болсаңыз, алдын ала көлік құралының техникалық жағдайының дайындығына көз жеткізіңіз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын (ұялы телефон) алып жүріңіз. Сонымен қатар алыс сапарларға шығар алдында баратын жолыңызбен баратын жердің алдыңғы күндерге ауа-райын біліп алғаның абзал.
Қарлы боран (дауыл)
Егер сіз боранда қалсаңыз:
* Қар үстінен паналайтын орын дайында;
* ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
* паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
* ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
Паналайтын жерде отырып не істеу керек:
* паналаған орынды белгілеу керек;
* бір-біріңе жақын отыру керек;
* барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
* Су киімді сығу керек;
* ыстық шәй, кофе ішу керек;
* басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
* майлы азық пен қант жеу керек
Түн уақытта не істеу керек:
* Ішімдік ішпеу;
* отты қараусыз қалдырмау;
* орынды себепсіз қалдырмау.
Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
* машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
* автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
* қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
* пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
Егер автокөлік жолда өшіп қалса:
* даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
* егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
* егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.
Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.
Үсік алу
Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.
Үсіген адамды жылыту жолдары:
Ең тиімдісі:
* ваннада (40 С жооғары емес);
* ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.
Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.
Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.
Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй
Қалай жылыну керек
Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз.
Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.
Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.
Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз.
Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.
Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.
Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды сақтау қажет:
- бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар ұйып қалып қалмас үшін)
- үлкен топтармен жиналмау керек;
- балық аулаушының өзімен бірге құтқару заттары болуы керек, (12-15 м жіп);
- жалғыз балық аулауға болмайды;
- шұқанақта балық ауламаған жөн.
Мұзды сырғанау аумағы шыбықтармен қоршаланады. Құтқаратын заттары бар (жіптер, тақталар, баспалдақтар т.б.) қалған және сырғанақта әрдайым кезекшілік болуы керек.
Егер сіз мұздың астына түсіп кетсеңіз:
байбалам салмаңыз, мұздың үстінен ұстау үшін қолыңызды жазыңыз. Көмекке шақырыңыз. Есіңізде болсын, сізді денеңізбен киіміңіздің арасындағы ауа шамалы уақыт ұстап тұрады. Мұздың әр шетіне арқаңызбен сүйеніп, қарсы шетіне оң аяғыңызды тіреп, сол аяғыңызды мұздың бетіне шығарыңыз. Мұздың бетіне шығып алғаннан кейін, келген жағыңызға қарай жылжыңыз.
Қарттарға бірнеше кеңес:
Үйден шығара қолыңызға сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.
Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.
«Қалай дұрыс құлау» керек:
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
24 желтоқсан 2018 ж. 2 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930