» » Түйткілдер шешімін табатын болды

Түйткілдер шешімін табатын болды

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағыт­талған өзекті мәселелерді шегендеп тапсырып келеді. Оның әрбірінен халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау ісін жақсартуға бағытталған тапсырмаларды әсте естен шығарған емес.
Көреген көшбасшы биылғы Жолдауында да халықтың ден­саулығына алаңдайтындығын біл­діре отырып, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін көтеру керектігіне тоқталғанда мені денсаулық сақтау ісіндегі қазіргі таңдағы жеткен жетістіктеріміздің жал­ға­сатыны, медицина қызмет­керлерінің жалақылары кезек кезегі­мен өсетіндігі қуантты.
Республикадағы өлім-жітім­нің алғашқы сатысындағы қатер­лі ісік ауруларынан болатын жағ­дайларды азайту мақсатындағы республикалық онкологиялық ор­­­талықтың құрылысын бастау жә­­не заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсыруы – қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқастардың ертеңіне үміт, жүздеріне қуаныш сыйлады.
Халықтың түсінбестігін тудырып жүрген нәрселердің бірі – дәрі-дәрмек бағасының күн санап өсуі еді. Енді 2019 жылдан бастап бұл мәселеге нүкте қойылып, дәрі-дәрмектердің бағасы тұрақ­талатын болды. Бұл – салаға Елбасының қамқорлығы.
Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

01 қараша 2018 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031