» » ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, ШЕТЕЛ ҚАЗАҒЫ?

ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, ШЕТЕЛ ҚАЗАҒЫ?

Не жақсы да ауылдан шығады» дегенді атамыз бекерге айтпайды. Өңір жыршы-жыраудың ғана емес, сондай-ақ басқа да сала майталмандарының мекені десек артық айтпаспыз. Заманында Шоқан Уәлиханов Ресейде оқып, шетелде зерттеу жүргізгені белгілі. Әлбетте, ол заман жоқ қазір. Есесіне тәуелсіз елдің жастары шетелде білім алып, қазақтың қай елде де бәсекеге қабілетті бола алатынын дәлелдеуде. Сондай жырақта жүрген жерлесіміздің бірі – Қайрат Сматов Төребай би ауылының тумасы.

Орта мектепті үздікке аяқтаған ол Ресейдің Мәскеу жол қатынастары университетінен «Көпір және тонель» мамандығы бойынша бітіреді. Мұнан соң жас маманның алғашқы еңбек жолы басталады. Басында Санкт-Пе­тербург қаласындағы «Мостотряд-19» ме­ке­­месінде өндірістік шебер болып істесе, 1994 жылы Коми Республикасының Усинск қаласында бірнеше көпір салуға атсалысады. 1996 жыл – маманның есінде ерекше қалды. Осы жылы жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын Мәскеудің «Дорога смерти» айналма жолына жөндеу жүргізілетін болып шешіледі. Ені 44 метр, ұзындығы 109 шақырымды құрайтын автокөлік жолы заманға сай бес жолақты етіп қайтадан жаңғырады. Бұл айтулы құрылысқа 17 тікұшақ, ондаған адам еңбек сіңірсе, соның арасында Қайрат та бар еді. Ол 1999 жылы «Дорога жизни» деп қайта өзгертіліп, лентасы қиылды. Жолдың ашылу салтанатында Қайрат Сматовқа «Ресейдің құрметті құрылысшысы» атағы беріледі.
– Мұнан соң федерациядағы барлық құрылыс мекемелері «Үшінші транспортты айналым» жобасына көшті. Жол қаланың ішінде болған соң бірқатар үйлерді бұзып, қайтадан салуға тура келді. Сонымен бірге, жер­асты жолдарын қаздық. 2001 жылы бөлімше бас­тығы қызметіне өстім. Келер жылы ел президенті В.Путин аталған жолдың лентасын қиып, халыққа пайдалануға берді. Ал, 2003 жылы отбасымен Австралияға көштім. Санкт-Петербургтен Лондонға, Сингапурдің үстімен ұшып, Сиднейге келдік. Жоғары балл жинап, «Sudney Water» атты мекемеге жолдама алдым. Мұнда 2006 жылға дейін істедім. Ал, 2006-дан бастап бүгінгі күнге дейін «Zinra» мекемесінде еңбек етемін, – дейді білікті маман.
Бір айтарлығы – бұл жұмыс орны әлемдегі адамы көп екінші мекеме саналады. Онда 2,5 миллион адам қызмет етеді. Қайрат бү­гінде Сидней мемлекеттік технология уни­верситетін, сондай-ақ оқу орнының магистратурасын бітірген. Француз, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Жапон, қытай тілдерін үйренуде. Жары Юлия – қаржыгер. Ол да бірнеше тілді меңгерген. Отбасында өсіп келе жатқан Камилла есімді кішкентай ару алты тілде сөйлейді. Бір қызығы, қазір Австралияда көктемнен жазға қараған шақ. Сонымен қоса Астана уақытымен 5 сағат айырмасы бар. Табиғаты жайлы.
– Туған жеріңе ештеңе жетпейді. Оның ауасы, тұмса тарихы өзінше бір керемет қой. Дегенмен, жағдайымыз мұнда да жаман емес. Екі қабатты үйіміз бар. Қызымыз өсіп келеді. Кенгурулар елінде бүгінде балаларға мектеп демалысы. Қызым демалысын анасымен бірге Жапонияда өткізуде. Оның 11 жасындағы аралап тұрған 25-ші мемлекеті. Үлкен мекемеде еңбек етемін. Австралиялықтардың ерекшелігі – адамдар өздерін тең сезінеді. Халқы қарапайым. Көшеде МАЙ, полиция деген болмайды. Қазақстанмен ұқсастығы – мал шаруашылығы жақсы дамыған. Фермерлер қойларын тікұшақпен бағады. Төбеден бақылайды. Фермада өнім шығаратын цехтар орналасқан. Бастық деген түсінік жоқ бұл жақта. Уақытымызды – жұмысқа, бос болса, білімге жұмсаймыз. Жұбайым итальян тілінен сабақ алуда Наурыз, жаңа жыл мейрамында қазақтар Мельбурнде бас қосып тұрамыз. Жақында Қармақшы ауданының 90 жылдығы аталып өтілмек екен. Өте қуаныштымын. Қай мемлекеттің де ең қымбаты – адам өмірі ғой. Жерлестерімнің арман-мақсаты орындалуына тілектеспін. Ауылға бармағаныма біршама болды. Бұйыртса, жақын шамада барып қалармыз. Анам және бауырларыммен телефон арқылы кез келген уақытта амандық-саулық сұрасып отырамыз, – дейді жерлесіміз телефон арқылы.
Ұқсас жаңалық
ЗАМАНАНЫ ЖЫРЛАҒАН ақын
Түйін:
Қайрат өз саласының шебері. Жауапты қызмет істейтінін анасынан естідік. Өзі лауазымын айтпады бізге. Талантты адам – қай істе де талантты» деген емес пе?! Жас­тайынан білімге құмартып өскен оның Кеңес одағы кезінде екінің біріне бұйра бермейтін «Артек» халықаралық балалар лагерінде 2 мәрте демалғанын анасы айтты. Қармақшыдай киелі топырақтан түлеп ұшып, өзінің қазаққа тән қасиетімен талай биікті бағындырып жүрген қазақтың қара домалақ баласына біз де тек аманшылық тілейміз.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
09 қазан 2018 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930